Оқиға

Полиция Түркістан облысында болған оқиғаға қатысты ақпарат берді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі және аудандағы учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тергеу жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде ер адам кәмелеттік жасқа толмаған баланы соққыға жыққан видео тарап жатыр. Оқиға Түркістан облысы Қазығұрт ауданында болған.

Кейбір мәліметке сәйкес, баланы туған әкесі ұрған. Видеоны кім түсіргені белгісіз.

Роликті Түркістан облысының полициясы тексеруге кірісті. 

"Әлеуметік желілерге мониторинг жасау кезінде Түркістан облысының полиция департаменті ер адам баланы ұрған видеоны анықтады. Тексеріс нәтижесінде оқиға Қазығұрт ауданында болғаны расталды", - деп хабарлады өңірлік полиция. 

Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 110-бабына ("азаптау") сәйкес тіркелді.

"Кінәлі заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Бұдан бөлек, аудандағы учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде", - деді тәртіп сақшылары. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетсек, Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша кінәлі деп танылған адам 1000 АЕК көлеміндегі (2,7 млн теңге) айыппұл төлейді немесе 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0