Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото

Павлодарда мас адам 4-қабаттың терезесінен құлап кетіп, аман қалды

54
Оқиға түнгі уақытта болған. Зардап шегушіні құдай сақтады – ол дүкеннің екінші қабатының күнқағарына түскен

ПАВЛОДАР, 7 қазан – Sputnik. Павлодарда мас адам төртінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, үй жанындағы дүкеннің шатырына түскен. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Сағат 01.13-те полиция департаментіне қоңырау шалып, Бекхожин көшесі, 7 мекенжайындағы "Корзинка" дүкенінің шатырына төртінші қабаттың терезесінен ер адам құлап түскенін хабарлаған. Оқиға орнына төрт құтқарушы аттанды. Олар шатырға көтеріліп, жәбірленушіні зембілге жатқызып, екінші қабаттағы пәтердің балконы арқылы дала шығарды", - делінген құтқару ведомствосының хабарламасында.  

Ер адамды жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға жеткізді.

Зардап шегуші 30 жылдан бері қалада тұратыны анықталды, ол мас болған.

Оқи отырыңыз: Алматыда ер адам бизнес орталықтың 12-қабатындағы терезеден құлап кетті 

Сол күні таңертең павлодарлық құтқарушылар тағы бір мекенжайға барды. Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйде екі жарым жасар бала есікті іштен бекітіп алып, қайтып ашпаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттың балконы арқылы түсіп, пәтерге кірді. Балаға көмек қажет болмады, ол ұйықтап қалған болып шықты.  

54
Тақырып бойынша
8 жасар бала қолдан жасалған әткеншектен ажал құшты
Петропавлда науқас аурухана терезесінен құлап көз жұмды
Прокуратура бір айда үш баланың терезеден құлап кету себебін анықтады
Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео
Ақтөбе облысында терезеден құлап кеткен бір жасар сәби ауруханада көз жұмды
Петропавлда қария терезеден құлап кете жаздады – видео
Мешітке кіреберіс есік

Камерадан да қымсынбады: мешіт тонаған ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды

839
Полицейлердің мәлімдеуінше, 25 жастағы тұтқындалған жігіттің 40-тан астам ұрлыққа қатысы болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының полицейлері мешіттегі қайырымдылық жәшігін тал түсте тонаған сәті видеоға түсіп қалған жас жігітті ұстады.

Бұл туралы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы өзінің Facebook парақшасында арнайы жазба жариялады. 

 
"Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше мешітте ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғыны қайырымдылық жәшіктерін бұзып, ішіндегі барлық ақшаны алып кеткен", – деп жазды Данияр Мейірхан.

Полицейлердің мәлімдеуінше, бұл күдіктінің бірінші ұрлығы емес көрінеді. Оның осыған ұқсас Шымкентте 20, Түркістанда 7, Ордабасы ауданы мен Алматы қаласында үш-үштен және Таразда 10 қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында Паралимпиада чемпионын тонаған ер адам ұсталды

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденген жағдайда күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

839
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, тонаушылық, ұры
Тақырып бойынша
Алматыдағы банкті тонау: кассирдің ондаған миллион теңгесі қолды болды
Ақтауда орын алған дүкенді тонау видеоға түсіп қалды
Павлодар облысында банкоматты жарып жіберген ұры ұсталды - видео
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Жалғыз жүрген қыздарды ғана тонаған: Алматыда әккі ұры ұсталды
Құбыр жарылысының маңы, архивтегі сурет

Өскеменде жойқын жарылыстан жұрттың зәресі ұшты

844
(Жаңартылды 09:36 22.10.2020)
Қаладағы шағынаудан мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. 21 қазан күні түстен кейін жойқын жарылыстың дыбысы екі рет естіліп, тұрғындардың зәресі ұшты, деп хабарлайды YK-news.kz.

"Сағат 17.20 шамасында шыққан екінші жарылыс дыбысынан Қазақстан көшесінде тұрған көліктердің дабылқаққышы іске қосылып кетті. Ал КШТ шағынауданы мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтып жатыр", – делінген ақпаратта.

Жұртты үрейлендірген Өскемендегі жойқын жарылыстар 25-шағын ауданда жоспарланған жұмыстар болып шықты. Қазіргі кезде инженерлік инфрақұрылымдар мен кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқандықтан, жару жұмыстарын "Kaz Explo Servis" ЖШС ұйымдастырған.

Оқи отырыңыз: "Бір көзді баланы ертіп жүрдім": Семей өңірінің тұрғыны полигонның зардабы жайлы айтты

844
Кілт сөздер:
Өскемен, жарылыс
Тақырып бойынша
"Оттан қорықпайтын адам жоқ": өмірін адам құтқаруға арнаған әулетпен сұқбат
Нұр-Сұлтанда құбыр жарылып, көшені су басты – видео 
Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды
Ресейде әскери қоймадағы жарылыстан екі адам жарақат алды
Алматыда көшенің қақ ортасында ыстық су бұрқырап атқылады - видео
Теріс қарап отырған қыз бен жігіт

Некені бұзғаны үшін салық көтерілуі мүмкін Тоқаев судьяның сөзін қолдады

0
Алматылық судьяның пікірінше, мемлекеттік баж төмен болғандықтан мыңдаған адам келісімге келмей, бірден соттасуды қалайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысқан Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов өз әріптестерінің жағдайын жақсартуға арналған бірнеше ұсынысты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, судьялар корпусына қосымша білікті заңгерлер қажет. Бірақ кәсіби мамандар сот жүйесіне барғысы келмейді.

"Себебі жауапкершілік көп, ал әлеуметтік қорғалуымыз мардымсыз. Бос орындарға адам аз келеді. Әрбір бесінші аудандық соттың төрағасы жоқ. Лайықтылар конкурсқа қатыспайды. Қызығушылық аз. Бұл проблема да қаржыға тіреледі. Сол себепті сот жүйесіне мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі пайыздық деңгейде бекітілуі тиіс деп ойлаймын", – деді Біржан Кәрібжанов.

Осы орайда судья қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, осы мәселені бюджетке салмақ түсірмей-ақ шешуге болатынын жеткізді. Ол – мемлекеттік бажды көтеру.

"Мысалы, сот арқылы ажырасудың құны бар-жоғы 830 теңге. Өзбекстанда бұл сома 25 есе (20 750 теңге), ал Молдовада 120 есе (99 600 теңге) көп. Баж төмен болғандықтан мыңдаған адам келісімге келмейді, бірден соттасуды қалайды. Баждың мөлшері 90-шы жылдан бері мүлдем өзгермеген. Істердің 84 пайызы бойынша баж құны 5 мың теңгеге де жетпейді", – деп атап көрсетті Кәрібжанов.  

Оның ойынша, осы ұсыныстың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қатысы жоқ. Оларды мемлекеттік баждан міндетті түрде босату қажет.

"Сондықтан осы және басқа да жолдармен қаржыландыруды көбейтсек, сот жүйесіне қатысты біраз мәселе шешімін табар еді", – дейді Кәрібжанов.

Бұдан бөлек, судья ескірген сот ғимараттары мәселесін көтерді. Көбісі өткен ғасырдың 80-ші жылдары салынған. Соның барлығын жаңартуға қыруар қаржы кетеді. Сондықтан аудандық соттарды біріктірген дұрыс. Мәселен, Нұр-Сұлтанның төрт ауданында төрт қылмыстық және төрт азаматтық сот бар. Алматы және басқа қалаларда да солай. Оларды бір жерге біріктірсе, біраз ақша үнемделеді. Ал босаған ғимараттарды мемлекет қажетіне беруге болады. Қазіргі цифрландыру заманында сот процесіне үйден шықпай-ақ қатысуға мүмкіндік бар.

Съезге бейнебайланыс арқылы қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьяның ұсыныстарын қолдайтынын жеткізді.

"Судьялардың қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанына баса назар аудару қажет. Мен Алматы қалалық судьясының сөзімен келісемін. Ол судьяларға тиісті жағдай жасалмағанын айтты. Біз қазіргі проблеманы жіті бақылауға алсын деп, үкіметке тиісті тапсырма береміз", – деді мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: "Ажырасу көбейіп кетті": этнограф қазақтың ежелгі салтын жаңғыртуды ұсынды

Айта кетейік, бүгінгі жиында президент сот жүйесінде сапалы реформаларды жалғастыру қажеттігін айтты. Тоқаевтың айтуынша, судьялар сот пен алқа төрағасына тәуелді болмауы қажет. Ал журналистер мен блогерлер сотқа қысым жасамауы тиіс.

0
Кілт сөздер:
неке, ажырасу, судьялар
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин кезінде қанша ерлі-зайыпты ажырасуға өтініш берді 
Белгілі тележүргізуші 30 жыл отасқан әйелімен ажырасты
"Қазақ қоғамы үшін ұят екенін білемін": италиялыққа тұрмысқа шыққан қыздың әңгімесі
Астаналық судья ажырасуға келген ерлі-зайыптының аянышты тағдыры жайлы айтып берді
Қазақстанда соңғы жылдары ажырасу көбейді: министр себебін атады