Оқиға

Павлодарда түн ішінде төрт қабатты сауда үйі отқа оранды

© Photo : ДЧС Павлодарской областиПожар в ТД "Арай"
Пожар в ТД Арай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы ауданы 1 500 шаршы метрді шарпыған қызыл жалынды сөндіруге 77 өрт маманы мен 16 техника жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Дүйсенбіге қараған түні Павлодарда "Арай" сауда үйінің төрт қабатты ғимараты өртенді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pavlodar oblysynyń ТJD (@pavlodar_tjd)

Түнгі сағат 01.00-де Исиналиев көшесіндегі 58-үйде өрт туралы хабарлама түскен. Жалпы алаңы 1 500 шаршы метр болатын төрт қабатты кірпіш ғимараттағы бутиктер мен кеңселер отқа оранып, шатыры жартылай құлаған.

"Өртті сөндіруге 77 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар баспалдақ орнатып, үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін өрт гидранттарының екі негізгі желісін қолданды", – делінген хабарламада.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Сүлеймен Бимағамбетовтің айтуынша, өрт 04.15-те оқшауланып, 04.55-те сөндірілген.

Жарықтандыру қорабындағы қысқа тұйықталу өрттің тұтануына себеп болуы мүмкін деген болжам бар және қазіргі кезде шығын көлемі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші миллион теңге тауып алып, иесіне қайтарып берді

Апат салдарынан ешкім зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0