Өрт сөндірушілер

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды

492
Құтқарушылар елорда тұрғындарын қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Елордада тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, екі адам қаза болды. Өрттің жалпы аумағы он шаршы метрге жетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше оқиға жұма күні болған. Өрт орнына жеткен құтқарушылар бесінші қабаттағы пәтердің отқа оранғанын көреді.

Тек бір сағаттан кейін ғана өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтай алды. Өртті сөндіру кезінде 43 жастағы ер адам мен 71-жастағы әйелдің денесі табылды.

"Өрт сөндірілмеген темекіден шыққан. Шаршаған немесе мас күйде шылым шекпеңіздер. Ешқашан темекіні сөндірмей қалдырмаңыздар, сіріңке мен темекі тұқылын жерге тастамаңыздар. Өзіңіздің және жақындарыңызды қауіп-қатерден сақтауға ерінбеңіздер. Шылымды сөндіргеннен кейін оның күлін бірден қоқыс жәшігіне тастауға асықпаңыздар", - деп еске салды төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері мен 3 техника тартылған. Оларға полицейлер мен жедел жәрдем мамандары көмектесті.

492
Кілт сөздер:
өрт
Ер адам, жұдырық

"Ұр дедім!": балаларды төбелестірген қарағандылық жұрттың ашуына тиді видео

855
(Жаңартылды 17:02 23.10.2020)
Болған оқиғаның видеосы желіде тарап кетті. Ойын ретінде басталған балалар төбелесі біреуінің әкесі салдарынан нағыз жекпе-жекке айналды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Полиция Қарағанды тұрғынының әрекетін тексереді. Ол басқа баламен төбелесіп жатқан ұлына "көмектескен". Бұл туралы Sputnik Қазақстанға өңірдің полиция департаменті хабарлады.

Болған оқиғаның видеосы желіде тарап кетті. Ойын ретінде басталған балалар төбелесі біреуінің әкесі салдарынан нағыз жекпе-жекке айналды. Ол баласына қарсыласқа қарсы қандай айла-тәсіл қолдану керектігін айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

"Ұр дедім! Шапкасын шеш, құлағынан ал. Басынан ұр", - дейді ол өз ұлына.

Бұл кезде соққыға жығылған бала тыныс ала алмай жатқанын айтты. Алайда төбелес тоқтатылмады.

Маңайда өзге балалар жүр. Бұл видео желі қолданушыларының ашуына тиді.

Полиция балалар алаңында жеті жасар баланы ұру фактісі тіркелгенін хабарлады. Іс Киров полиция бөлімшесіне берілді. Тиісті сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша 39 жастағы ер адамға қатысты шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

855
Кілт сөздер:
видео, төбелес, желі, балалар, Қарағанды
Тақырып бойынша
Ақтөбе облысында сыныптасын соққыға жыққан қыздардың видеосы желіде тарап кетті
"Мемлекеттік қызметшілер төбелесті": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Соққыға жығылған Бурабайдың бұрынғы әкімі көз жұмды
"Қазпоштаның" Балқаштағы бөлімшесінде қыздар төбелесті – видео
Нұр-Сұлтанда ер адам жасөспіріммен төбелесті – видео
Мешітке кіреберіс есік

Камерадан да қымсынбады: мешіт тонаған ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды

1962
Полицейлердің мәлімдеуінше, 25 жастағы тұтқындалған жігіттің 40-тан астам ұрлыққа қатысы болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының полицейлері мешіттегі қайырымдылық жәшігін тал түсте тонаған сәті видеоға түсіп қалған жас жігітті ұстады.

Бұл туралы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы өзінің Facebook парақшасында арнайы жазба жариялады. 

 
"Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше мешітте ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғыны қайырымдылық жәшіктерін бұзып, ішіндегі барлық ақшаны алып кеткен", – деп жазды Данияр Мейірхан.

Полицейлердің мәлімдеуінше, бұл күдіктінің бірінші ұрлығы емес көрінеді. Оның осыған ұқсас Шымкентте 20, Түркістанда 7, Ордабасы ауданы мен Алматы қаласында үш-үштен және Таразда 10 қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында Паралимпиада чемпионын тонаған ер адам ұсталды

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденген жағдайда күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

1962
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, тонаушылық, ұры
Тақырып бойынша
Алматыдағы банкті тонау: кассирдің ондаған миллион теңгесі қолды болды
Ақтауда орын алған дүкенді тонау видеоға түсіп қалды
Павлодар облысында банкоматты жарып жіберген ұры ұсталды - видео
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Жалғыз жүрген қыздарды ғана тонаған: Алматыда әккі ұры ұсталды
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

0
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

0