Оқиға

Алматыда жүйткіген көлік бес жасар баланы қағып кетті – видео

© SputnikМальчик переходит дорогу
Мальчик переходит дорогу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол жиегінде тұрған балалардың бірі қарсы бетке өту үшін жүгіріп шыққанын Subaru көлігі байқап үлгермеген

НҰР-СҰЛТАН,  25 қазан – Sputnik. Дәрігерлер шетелдік көліктің соққысына ұшыраған бес жасар баланың өмірі үшін күресуде. Ал полицейлер осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Алматының Түрксіб ауданындағы Постышев көшесінде орналасқан "Лимон" дүкенінің алдында көлік бес жасар баланы қағып кетті.

Бейнебақылау камерасынан кішкентай екі баласы бар әйелдің жол жиегінде тұрғанын көруге болады. Балалардың бірі кенеттен жолдың қарсы бетіне өту үшін жүгіріп шыққанда, Subaru көлігі қағып кетеді. Жүргізуші баланың күтпеген жерден шыққанын байқап үлгермеген. 

Жол апаты салдарынан бала ауыр жарақатпен балалар травмотологиясы ауруханасына түсті. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Оқи отырыңыз: Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала ауруханада көз жұмды

Алматы полициясы осы оқиға негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлік құралын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Жаңалықтар
0