Оқиға

Шымкентте жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: дәрігерлер әріптестерінің жағдайын айтты

© Sputnik / Стрингер"Скорая" и пожарная машина на месте ДТП
Скорая и пожарная машина на месте ДТП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлерге сау-тамтығы қалмаған жеңіл көліктен шыққан өртті сөндіруге тура келген

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Шымкент көшелерінің бірінде қос көліктің соқтығысуы салдарынан жедел жәрдемнің екі фельдшерінен бөлек тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Әріптестері санитар дәрігерлердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Зардап шеккендердің барлығы қажетті көмек көрсету үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Жол апаты сәрсенбі күні таңертең Бәйтереков көшесінде болды, деп хабарлайды жергілікті otyrar.kz порталы.

Куәгерлердің айтуынша, көліктердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін. Өйткені, Toyota Camry жедел жәрдем көлігінің артынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан.

Соққының қатты болғаны соншалық, жедел жәрдем көлігі жол жиегіндегі арықтан өтіп барып, тротуарға тоқтаған. Ал Toyota көлігі бірнеше рет аударылғанда, оның жүргізушісі салоннан ұшып кеткен.

Сау-тамтығы қалмаған жеңіл көлікте өрт шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер өрт сөндіргіш құралдары арқылы тілсіз жауды сөндірген.

Оқи отырыңыз: Ер адам жантүршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды – видео

Қазіргі кезде тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қос көліктің жүргізушісі алкоголь немесе басқа тыйым салынған заттар бойынша медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0