Өрт, архивтегі фото

Таразда ер адам әжесі мен әкесін құтқарамын деп өзі де көз жұмды

1794
(Жаңартылды 09:19 06.11.2020)
Өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланып қалған. 1982 жылы туған немересі өрт сөндіру қызметі келгенше туыстарын құтқаруға тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының Тараз қаласында өрттен үш адам көз жұмды.  

Тілсіз жау 1936, 1960 және 1982 жылы туған азаматтардың өмірін қиды.

"Алдын ала мәлімет бойынша өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланған. Жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенше туыстарын құтқарамын деп өзі де улы газдан уланып қайтыс болған", - деп  хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқи отырыңыз: Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды  

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші  бөліміне хабарлама түнде сағат 3:26-да келіп түскен.

Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 21 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Сағат 4:24-те минутта өрт толығымен сөндірілді.

1794
Кілт сөздер:
өрт, Тараз
Тақырып бойынша
Алматыда базар өртенді – видео
Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды
Өртеніп жатқан ғимарат шатырынан ер адам ерекше жағдайда құтқарылды – видео
Ақмола облысында үйінді астынан үш баланың мәйіті табылды
БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды
Министр өңірлерде неге өрт жиілегенін айтты 
Жедел жәрдем көлігі

Жамбыл облысындағы трагедия: екі бала көз жұмды

5
(Жаңартылды 16:04 29.11.2020)
Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, балалар Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, 6 және 9 жастағы екі бала Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген. Сол жерде мұз астына түсіп кетті, балаларды құтқару мүмкін болмады.

"Жамбыл облысы жедел құтқару жасағының үш сүңгуірі олардың денесін 3 метр тереңдіктегі судан шығарды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Министрлік қазіргі мұздың жұқа әрі қауіпті екенін ескертті. 

"Мұздың алғашқы қабаты балалар мен жасөспірімдерді қызықтырады. Алайда жұқа мұз өте қауіпті. Мұны балаларға айтып, ескерту керек. Балалардың мұндай жерлерде бақылаусыз жүруіне жол бермеңіз. Қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз", - делінген министрлік хабарламасында.

5
Кілт сөздер:
су, мұз, бала, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
"Қауіпсіздік ережелері сақталмаған": жыл басынан бері 40 бала суға батып кетті
Батыс Қазақстандағы трагедия: көлікте отырған үш бала суға батып кетті
Тоңазытқыштағы бала өлімі: сотталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады
"Сіңіріңіз тартылса...": суға батпау үшін не істеу керек?
Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды
Өрт, иллюстративті фото

Өрттен қашқан алматылық балконнан құлап кетті

388
(Жаңартылды 09:06 28.11.2020)
Қарияның пәтерінен шыққан өрт жоғарыдағы балкон мен шатырдың бір бөлігіне шарпыған. 60 шаршы метр аумақ отқа оранды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Алматыда көпқабатты үйден алапат өрт шығып, 83 жастағы қария көз жұмды.

Жалын үшінші қабаттағы пәтерден шыққан. Сол кезде әжей балконнан құлап кеткен, деп хабарлады КТК.

Төтенше жағдай таңғы сағат төрт шамасында болды. Қарияның пәтерінен шыққан от жоғарыдағы балкон мен шатырдың бір бөлігіне шарпыған. Сөйтіп жалпы аумағы 60 шаршы метр жер күлге айналды. Шырт ұйқыда жатқан 10 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның үшеуі – кішкентай бала.

Ал ажалы өрттен келген қария мұнда жалғыз тұрыпты. Ол бастапқыда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Бірақ жарақаты тым ауыр болған соң, дәрігерлер аман алып қала алмапты.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жеке тұрғын үйде жойқын жарылыс болды 

Жалынмен 30 төтенше жағдай қызметкері және 10 техника арпалысты. Олардың жұмысына тұрғын үй ауласының көлікке лық толы болуы кедергі келтірген.

"Арнайы техниканың жұмысына аулада автокөліктің көп болуы кедергі келтірді. Тұрғындарға көлік өтетін жолдарды жабуға, сондай-ақ гидрант үстіне машинаны қоюға болмайтынын ескертеміз. Бұл адам өмірін сақтап қалуға кедергі болады", - дейді Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Вадим Кравцов.

388
Кілт сөздер:
Алматы, қария, өрт
Тақырып бойынша
Талдықорған іргесіндегі жарылыстан 8 адам зардап шекті
Министр өңірлерде неге өрт жиілегенін айтты 
Алматыда базар өртенді – видео
Талғарда жеке тұрғын үйде үш адам көз жұмды
"Адамдар айғайлап, жылап жатты": куәгерлер елордадағы жарылыс туралы айтып берді