Оқиға

Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото

© Sputnik / СтрингерАвтомобиль упал в подземный переход на улице Сатпаева
Автомобиль упал в подземный переход на улице Сатпаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші Сәтпаев көшесімен батыс бағытта келе жатып белгісіз себептермен көлікті басқара алмай қалған

НҰР-СҰЛТАН,  14 қараша – Sputnik. Алматыда Сәтпаев пен Манас көшелерінің қиылысында болған апат салдарынан әйел мен үш бала зардап шекті.

© Sputnik / СтрингерСәтпаев көшесінде аударылып, жерасты өткеліне құлаған көлік
Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото - Sputnik Қазақстан
Сәтпаев көшесінде аударылып, жерасты өткеліне құлаған көлік

Оқиға бүгін, 14 қарашада болды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші әйел Mitsubishi Pajero автокөлігін Сәтпаев көшесімен батыс бағытта жүргізіп келе жатқан.

Белгісіз себептермен ол көлікті басқара алмай қалған. Нәтижесінде автокөлік аударылып, жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткеліне құлаған.

© Sputnik / СтрингерАпат салдарынан жүргізушімен бірге үш бала жарақат алды
Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото - Sputnik Қазақстан
Апат салдарынан жүргізушімен бірге үш бала жарақат алды

Жол апатынан төрт адам жарақат алды – жүргізуші мен үш бала. Барлығы жақын ауруханаға жеткізілді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз: Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды

Жаңалықтар
0