Оқиға

Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневАномальные снегопады в Нур-Султане
Аномальные снегопады в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ырқынан тыс қозғалып, бірнеше көлікке ұрынған Volkswagen Golf-тің 27 жастағы жүргізушісі жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көктайғақ салдарынан бес көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәрсенбі күні сағат 09:00 шамасында әл-Фараби көшесімен Қошқарбаев көшесіне қарай келе жатқан қоқыс таситын "КамАЗ" көлігінің 36 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volkswagen Golf автокөлігін соқты. 

Соққы әсерінен жеңіл көлік өз жолымен келе жатқан Hyundai Grand Starex-ке соғылған. Содан кейін екі көлік те ырқынан тыс қозғалып, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Салдарынан Volkswagen Golf КамАЗ-бен, ал Hyundai Grand Starex Лада Калина көлігімен соқтығысады.

Бірнеше көлікке ұрынған Volkswagen Golf-тің 27 жастағы жүргізушісі жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өткен соң, үйіне қайтарылды.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды

Қазіргі кезде жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Жаңалықтар
0