Адамның қолы

"Мені полицей өлтірді": қарағандылық әйелдің өлер алдындағы хаты табылды

2424
(Жаңартылды 10:49 19.11.2020)
Әйел Қарағанды облысы полициясының қауіпсіздік басқармасына барған. Оның арызы бойынша тергеу басталып, бір айдан соң іс жабылған

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Қарағандыда полицейге қарыз болған әйел өз-өзіне қол салды.

17 қараша күні Можайский көшесіндегі үйлердің бірінде суицид жасаған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Ratel.kz.

Ол өлер алдындағы хатында бұған полицей кінәлі екенін жазған.

"Мен өз-өзіме қол саламын деп шештім. Бұған ... кінәлаймын. Мен одан ірі көлемдегі ақша қарызға алдым. Уақытында қайтара алмадым. Оның талабы бойынша үш үй мен пәтерді кепілдікке рәсімдедім", — деп жазған әйел.

Оның сөзіне қарағанда, 26 миллион теңге шамасындағы пәтер ақшасын полицейдің әйеліне берген. 

Марқұм полицей екі жыл бойы қысым көрсеткенін жазған.

"2018-2019 жылдар аралығында 200 мың доллар көлеміндегі ақшаның процентін төледім. Мен қарызды қайтарудан бас тартқан жоқпын. Бірақ қарыз бен процентті қайтаратын мүмкіндігім болмады. Ал қысым көрсету одан сайын күшейе бастады", - деп жазылған хатта.

Әйел Қарағанды облысы полициясының қауіпсіздік басқармасына барған. Оның арызы бойынша тергеу басталып, бір айдан соң іс жабылған.

"Ол менің бизнесімді, үйімді, әділдікке деген сенімімді алып қойды... Мен бұлай өмір сүре алмаймын... Маған біреу көмектеседі деп сенбеймін. Басқа жол жоқ. Бұл өз-өзіме қол салу емес - бұл адам өлтіру. Мені ... өлтірді", - деп жазды ол.

2424
Кілт сөздер:
өлім, полицей, әйел, Қарағанды
Тақырып бойынша
Жамбылдық жігіттің өлер алдындағы хатында үш полицейдің есімі аталған
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Батыс Қазақстанда полицейдің ұлы видео жариялады: анасы жауапқа тартылды
Жұмыстан келе жатқан: Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді
Ішкі істер министрі әр өңірдегі бас полицейдің аккаунтын жариялады
Жедел жәрдем көлігі

Жамбыл облысында қайғылы оқиға салдарынан 2 бала көз жұмды

1062
(Жаңартылды 16:11 29.11.2020)
Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, балалар Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, 6 және 9 жастағы екі бала Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген. Сол жерде мұз астына түсіп кетті, балаларды құтқару мүмкін болмады.

"Жамбыл облысы жедел құтқару жасағының үш сүңгуірі олардың денесін 3 метр тереңдіктегі судан шығарды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Министрлік қазіргі мұздың жұқа әрі қауіпті екенін ескертті. 

"Мұздың алғашқы қабаты балалар мен жасөспірімдерді қызықтырады. Алайда жұқа мұз өте қауіпті. Мұны балаларға айтып, ескерту керек. Балалардың мұндай жерлерде бақылаусыз жүруіне жол бермеңіз. Қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз", - делінген министрлік хабарламасында.

1062
Кілт сөздер:
су, мұз, бала, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
"Қауіпсіздік ережелері сақталмаған": жыл басынан бері 40 бала суға батып кетті
Батыс Қазақстандағы трагедия: көлікте отырған үш бала суға батып кетті
Тоңазытқыштағы бала өлімі: сотталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады
"Сіңіріңіз тартылса...": суға батпау үшін не істеу керек?
Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды
Өрт, иллюстративті фото

Өрттен қашқан алматылық балконнан құлап кетті

392
(Жаңартылды 09:06 28.11.2020)
Қарияның пәтерінен шыққан өрт жоғарыдағы балкон мен шатырдың бір бөлігіне шарпыған. 60 шаршы метр аумақ отқа оранды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Алматыда көпқабатты үйден алапат өрт шығып, 83 жастағы қария көз жұмды.

Жалын үшінші қабаттағы пәтерден шыққан. Сол кезде әжей балконнан құлап кеткен, деп хабарлады КТК.

Төтенше жағдай таңғы сағат төрт шамасында болды. Қарияның пәтерінен шыққан от жоғарыдағы балкон мен шатырдың бір бөлігіне шарпыған. Сөйтіп жалпы аумағы 60 шаршы метр жер күлге айналды. Шырт ұйқыда жатқан 10 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның үшеуі – кішкентай бала.

Ал ажалы өрттен келген қария мұнда жалғыз тұрыпты. Ол бастапқыда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Бірақ жарақаты тым ауыр болған соң, дәрігерлер аман алып қала алмапты.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жеке тұрғын үйде жойқын жарылыс болды 

Жалынмен 30 төтенше жағдай қызметкері және 10 техника арпалысты. Олардың жұмысына тұрғын үй ауласының көлікке лық толы болуы кедергі келтірген.

"Арнайы техниканың жұмысына аулада автокөліктің көп болуы кедергі келтірді. Тұрғындарға көлік өтетін жолдарды жабуға, сондай-ақ гидрант үстіне машинаны қоюға болмайтынын ескертеміз. Бұл адам өмірін сақтап қалуға кедергі болады", - дейді Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Вадим Кравцов.

392
Кілт сөздер:
Алматы, қария, өрт
Тақырып бойынша
Талдықорған іргесіндегі жарылыстан 8 адам зардап шекті
Министр өңірлерде неге өрт жиілегенін айтты 
Алматыда базар өртенді – видео
Талғарда жеке тұрғын үйде үш адам көз жұмды
"Адамдар айғайлап, жылап жатты": куәгерлер елордадағы жарылыс туралы айтып берді
Алматы көрінісі

Қазақстанда 30 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

30 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 - Қазақстандық заңгерлер мамандықтардың монополиялануынан қауіптеніп отыр. Осы мәселеге арналған баспасөз мәслихаты өтеді (трансляция Facebook парақшасында жүргізіледі. Байланыс телефоны: +7 701 749 02 00).

14:30 - Әділет министрі Марат Бекетаевтың Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтетін Қазақстан президентінің жолдауын іске асыру барысы туралы брифингі.

15:00 - Нұр-Сұлтандағы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында COVID-19-ға қарсы күрес бойынша ең үздік цифрлық шешімдерге арналған ЕДБ қоры байқауының қорытындысы бойынша Мәскеу – Ереван – Минск – Нұр-Сұлтан видео-көпірі. Спикер – Еуразия даму банкі (ЕДБ) басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян. Видеокөпірдің трансляциясы 30 қарашада Sputnik.kz сайтында және Facebook парақшасында өтеді. БАҚ өкілдерін онлайн-кездесуге қатысуға шақырамыз, сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекенжайына жіберуге болады.

1 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

17.00 – "Астана Опера" театрының опера солистері мен аспаптық музыканттарының қатысуымен "Ел тірегі - Елбасы!" мерекелік концерті өтеді (Қонаев көшесі, 1)

2 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

19.00 – "Париж аспаны астында" концерті: барлық уақыттағы француз музыкасының жауһарлары (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

3 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - 13.00 – "Әділ сөз" қоры журналистер мен блогерлерге үшін вебинар өткізеді. Онда сіз қандай жағдайда теріске шығару туралы талап заңсыз болып есептелетінін; сотқа дейінгі талапқа жауап беру қажет пе; сот процесінде қандай дәлелдер қажет; "моральдық шығын" дегеніміз не және ол сотта қалай дәлелденетінін білесіз. Қатысқысы келетіндер бұл туралы алдымен +7 727 313 1473, 8 707 700 1322 телефондары немесе info@adilsoz.kz поштасы арқылы хабарлап, байланыс мәліметтерін қалдыруы керек.

4 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - 13.00 – "Әділ сөз" қоры журналистер мен блогерлерге үшін вебинар өткізеді. Онда сіз қандай жағдайда теріске шығару туралы талап заңсыз болып есептелетінін; сотқа дейінгі талапқа жауап беру қажет пе; сот процесінде қандай дәлелдер қажет; "моральдық шығын" дегеніміз не және ол сотта қалай дәлелденетінін білесіз. Қатысқысы келетіндер бұл туралы алдымен +7 727 313 1473, 8 707 700 1322 телефондары немесе info@adilsoz.kz поштасы арқылы хабарлап, байланыс мәліметтерін қалдыруы керек.

9 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 - " Ғажайып сол сәт әлі есте..."концерті.  "Астана Опера" театры ресейлік және шетелдік композиторлардың вокалды миниатюралары шырқалатын "Романс тарихы" жаңа топтамасын ұсынады (Қонаева көшесі, 1)  

12 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9)  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0