Оқиға

Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: 3 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

© Photo : МЧС РКВзрыв в кафе
Взрыв в кафе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарылыс салдарынан 34 адам зардап шекті, басым бөлігі – дәмхана қызметкерлері.  Олардың 23-і қазір ауруханада жатыр. Бір әйел оқиға орнында қайтыс болды

АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 21 қарашада дәмханада газдың жарылуынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақтың айтуынша, сенбі күні зардап шеккен 23 адам №1 және №2 көпбейінді қалалық ауруханаларға жеткізілді. Тағы 11 зардап шегуші жеңіл жарақатпен амбулаториялық емделуге жіберілді.

Зардап шеккендердің басым бөлігі – мекеме қызметкерлері.

"Үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр, біреуінің жағдайы аса ауыр, екі адамның жағдайы ауыр", - деді баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.

Науқастардың басым бөлігі ауруханаға әртүрлі дәрежедегі термиялық күйік және орташа ауырлықтағы көміртек тотығымен уланып түскен.

"Тағы бір науқас травматология бөлімінде жатыр. Науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Бұл ер адам – дәмхана қызметкері. Қалған адамдар комбустиология бөлімінде (күйік бөлімі – Sputnik)", - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Орташа дәрежеде зақым келген адамдардың денсаулығында асқыну байқалмайды. 

Айта кетейік, жарылыс кезінде бір дәмхана қызметкері қайтыс болды.

Дәмханадағы жарылыс

21 қарашада елорданың сол жағалауындағы дәмханада газ баллоны жарылды. Төтенше жағдай туралы ақпар "103" пультіне сағат 12:24-те түсті. Оқиға орнында жедел жәрдемнің 24 бригадасы, шұғыл қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.

Апат орнына келген өрт сөндірушілер дәмхана ішінде бір адам және 15 газ баллоны барын анықтаған. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлады.

Өрттен бір адам көз жұмды, отыздан астамы зардап шекті. 20 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау 12:58-де сөндірілді.

Нұр-Сұлтан полициясы Шұбар шағын ауданындағы дәмханада газдың жарылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Өрт-техникалық және сот сараптамасы тағайындалды.

Жаңалықтар
0