Оқиға

ҰҚК жалған анықтама сатқан емхана қызметкерлерін ұстады

© Photo : DarkoStojanovicМедицинские принадлежности и документы на столе у врача, иллюстративное фото
Медицинские принадлежности и документы на столе у врача, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу барысында директордың орынбасары мен медициналық мекеменің бас дәрігерінің дәрігерлік-консультациялық комиссияның жалған қорытындысын 5 мың теңгеге сатқаны анықталды

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке медициналық емхананың карантин кезінде мемлекеттік шекараны кедергісіз өтуі үшін жалған анықтама сатқан екі қызметкерін ұстады.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шаралары барысында медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге үшін жалған дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындыларын азаматтарға сатып отырған, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланған.

"Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 385-бабы 1-тармағы (жалған құжаттарды,мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

2020 жылдың 19 қарашасында күдіктілер қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 2,8  миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0