Оқиға

Дүкен жанына тастап кеткен: Кентауда 6 жасар баланы көлікпен қаққан жүргізуші ұсталды

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыл шетіне шығарып, жуып-шайған күдіктінің көлігін тәртіп сақшылары қораның ішінен тауып алған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Түркістан облысында жүргізуші алты жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бүлдіршін алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау полициясының кезекші бөліміне жол апаты туралы ақпарат ауруханадан түскен. Өйткені, жарақат алған бүлдіршін шұғыл медициналық мекемеге жеткізілген.

Полицейлер күдіктіні Кентау қаласының іргелес ауылдарының бірінде қуып жүріп ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай жүргізуші рульге ие бола алмай, жолға шығып кеткен баланы қағып кеткен. Ер адам жарақат алған баланы ауыл дүкенінің жанына тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Дүкен иесі баланы байқап қалып, дереу жедел жәрдем шақырды.

Бүлдіршін жарақат салдарынан есін жимастан қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: "Полицейлердің өзі білмейді": Мыңбай жүргізуші куәлігін алу емтиханын сынға алды

Бұл іс "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу" бабы бойынша тергелуде. Ал аталған бапта қылмыскерді бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Ауыл шетіне шығарып, жуып-шайған күдіктінің көлігін тәртіп сақшылары қораның ішінен тауып алған. Ал күдіктінің өзі ол қамауға алынып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0