Оқиға

Түркістан облысында жасөспірім төтенше оқиға салдарынан қолынан айырылды

CC0 / pixabay.com / Рука ребенка в руке взрослого
Рука ребенка в руке взрослого - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен жасөспірім зауытта, негізінен, кәмелеттік жасқа толмағандар жұмыс істейтінін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында зауытта жұмыс істеген 14 жасар жасөспірім білезігіне дейін оң жақ қолынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.

Ерасыл Жұмабектің айтуынша, достарының кеңесі бойынша кірпіш зауытына орналасқан. Ата-анасына еш нәрсе айтпапты.

Екінші күні баланы жерді үгітетін станокта жұмыс істеуге қойған. Ол станоктың жанынан өтіп бара жатып, құлап кеткен. Қолын пышақ орап алды.

Басқа балалардың бірі зауытта тек аспаз ересек адам екенін жеткізді. Қалғаны - Шұбарсу мен Бадамнан келген кәмелетке толмағандар (Шымкент маңындағы ауылдар - Sputnik). Олар тоғыз сағат жұмыс істеп, күніне 3-4 мың теңге ғана алған.

Жасөспірім анасысының сөзінше, еңбек инспекциясы баласы жалақыға жұмыс істегенін айтуды өтініпті. Сол кезде мүгедектік бойынша жоғары жәрдемақы рәсімдейміз деп сендірген.

Тұрсынай Әбутәліпова кінәлілерді жазалау үшін барын салмақ. Сондай-ақ, олар баланың емделуі мен протезінің ақшасын төлеуін талап етпек.

Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабына сәйкес ("еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы") іс қозғалғанын айтты.

Кірпіш зауытының басшылығы түсініктеме беруден бас тартты.

Жаңалықтар
0