Оқиға

Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты

АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматы-Бішкек тасжолында ірі жол апаты болды. Бетон тиелген жүк көлігі, бензовоз және Lexus көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

© Sputnik / СтрингерАлматыдағы жол апаты
Алматы облысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/2
Алматыдағы жол апаты
© Sputnik / СтрингерАпат салдарынан екі адам қайтыс болды
Апат салдарынан екі адам қайтыс болды - Sputnik Қазақстан
2/2
Апат салдарынан екі адам қайтыс болды
1/2
Алматыдағы жол апаты
2/2
Апат салдарынан екі адам қайтыс болды

Куәгерлердің айтуынша, оқиға тасжолдың 22-ші шақырымында болған. Жеңіл көлік пен бензовоз батыс бағытта қозғалып бара жатқан.

Екі көлік те жолдың маңындағы мейрамханада тоқтап, бұрылған. Бұл уақытта қарама-қарсы бағыттан бетон тиелген көлік келді.

Ол жол жиегіне соғылып, жеңіл көлік пен бензовозға құлады.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

Полиция жол апатының себебін анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0