Өңірлер

Атырауда велосипедші мұз астына түсіп кетті – оқиға орнынан видео жарияланды

© Sputnik / Медиабанкке өтуЛедоход. Архивное фото
Ледоход. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұз астына түсіп кеткен адам шетел азаматы екені анықталды, куәгерлер оған арқан лақтырып, суық судан шығарып алды

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Атырауда велосипед мінген ер адам мұз астына түсіп кетті, оны жергілікті балықшылар құтқарды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Ер адамның киіміне қарағанда, ол жаттығу жасап жүрген. Куәгерлер оны және велосипедті судан шығаруға көмектесті.

Әзірге толық ақпарат жоқ, белгілісі қиын жағдайға тап болған велосипедші Қазақстан азаматы емес.

Оқи отырыңыз: Отыз бірдей көлік мұз астына түсіп кетті – видео 

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ведомствоға қоңырау түспегенін хабарлады.

"Біздің күштер мен құралдар жұмылдырылған жоқ", - деп толықтырды департамент.

Ақпарат әзірге нақтыланып жатыр, деп түйіндеді құтқарушылар.  

Жаңалықтар
0