Өңірлер

Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинКак тушили крупный пожар на складах в Алматы
Как тушили крупный пожар на складах в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер он шаршы метр аумақтағы құрылыс материалдары өртенгенін анықтады

АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы орталығындағы өрттің видеосы тарап жатыр. Ақпаратқа қалалық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ведомство 9 желтоқсанда сағат 10:10-да диспетчер пультіне қоңырау түскенін айтты. Өрт Алмалы ауданындағы Шевченко және Шагабутдинов көшелерінің қиылысында салынып жатқан көпқабатты үйде болған.

Орал тұрғыны стоматологияда күйіп қалып, ауруханада қайтыс болды

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер он шаршы метр аумақтағы құрылыс материалдары өртенгенін анықтады.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері он бес минут ішінде қызыл жалынды оқшаулап, сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0