Оқиға

Нұр-Сұлтанда таксист кімді тасып жүргенін білмеген – қылмыстық іс қозғалды

Жазылу
Полицейлер оның кім екенін анықтап, қолға түсірді. Жас жігіт жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Астаналық полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен жас жігітті ұстады. Ол таксимен жүріп, дүкендерді тонаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұры алдымен тонайтын нысандарды таңдаған. Одан кейін такси шақыртып, жүргізушіге жақсы ақы төлеуге уәде берген. Бірақ бір талабы болды. Такси оны қалдырып кеткен жерінде күтіп тұруы тиіс. 

"Күдікті алдын ала таңдап кеткен нысандарға жақын жерде түсіп, ары қарай жаяу жүрді. Сөйтіп, ұрлық жасағаннан кейін қайтадан таксиге отырып, келесі нысанына барған", - дейді полицейлер. 

Осылайша, алғашқыда ол азық-түлік дүкенін тонады. Есікті бұзып кірген. Ол жерден 80 мың теңгенің тауарын ұрлады. Одан кейін дәріханаға барды. Келесі нысанда терезені қысып ашу арқылы ішке кіріп, 50 мың теңгені және кассалық аппаратты үптеп кеткен.

"Сөйтіп, екі бірдей қылмыс жасап, үйіне таксимен бара салған. Полицейлер оның кім екенін анықтап, қолға түсірді. Жас жігіт жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды", - деп атап көрсетті құқық қорғаушылар.

Жаңалықтар
0