Оқиға

Сиырды жеңіл көлікке салып алған ұрылар ұсталды – фото 

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуКоровы на ферме, архивное фото
Коровы на ферме, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биылдан бастап қылмыстық кодекске мал ұрлығына қатысты жаңа бап енгізілген болатын. "Теріс қылық" пен "орташа ауыр қылмыс" деген анықтама жоқ, жаза күшейтіліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысында жеңіл көлікті тоқтатқан полицейлер күтпеген жағдайға тап болды. Салонның артқы жағында сиыр төрт тұяғын бүгіп отырды. Қылмыстық топ осы әдіспен ондаған қара мал ұрлап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сол күні патрульдік полицейлер "Самара - Шымкент" тасжолында кезекшілік атқарып жүрген. Бәйгеқұм ауылына жақын жерде өтіп бара жатқан бір көлікті тоқтатты. Артқы есігін ашып қараса, төрт тұяғын бүгіп сиыр отыр. Сөйтсе, үш ер адам оны Шиелі ауданындағы көрші ауылдан ұрлап, сатуға апара жатқан.  

"Екеуі Қызылордатұрғыны болып шықты. Үшінші ер адам жергілікті жерде тұрады. Олар облыс бойынша мал ұрлауға қатысты ондаған қылмыс жасаған болып шықты. Қазіргі кезде үшеуі де уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Тергеу шаралары жалғасуда", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Гүлжахан Қайырбергенова. 

Оның айтуынша, күдіктілер малды ұрлағанда ылғи жеңіл көлікпен тасымалдап жүрген. Осылайша, полиция  сезіктенбейді деп ойлады. 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-1 бабы, 2 бөлімі (мал ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес, сотталғандар үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұдан бөлек, мүлкi де тәркiленеді. 

© Photo : департамент полиции Кызылординской областиҚылмыстық топ осы әдіспен ондаған қара мал ұрлап кеткен
Сиырды жеңіл көлікке салып алған ұрылар ұсталды – фото  - Sputnik Қазақстан
Қылмыстық топ осы әдіспен ондаған қара мал ұрлап кеткен

Айта кетейік, биылдан бастап Қылмыстық кодекске мал ұрлығына арналған жаңа бап енгізілген болатын.  Осы қылмыста "теріс қылық" пен "орташа ауыр қылмыс" деген анықтама жоқ, жаза күшейтіліп отыр. Соның ішінде келесі шаралар қарастырылған:

  • 7 миллион теңге көлеміндегі айыппұлдан бастап 5 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза;
  • ірі мөлшерде адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жасалса, 7 жылға дейін түрмеге отырғызу;
  • бірнеше рет немесе мал қораға кіріп жасалса, 10 жыл;
  • аса ірі көлемде және қылмыстық топ болса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Осы санаттағы қылмыстар бойынша татуласуға рұқсат жоқ.

Жаңалықтар
0