Ахивтегі фото

Ақмола облысында әкім жол апатынан көз жұмды

2451
DAF автокөлігінің жүргізушісі, Орал қаласының тұрғыны рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ВАЗ-21214 автокөлігімен соқтығысқан

КӨКШЕТАУ, 15 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында Атбасардан 20 шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, оның біреуінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ол Тарасов ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратов екені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дүйсенбі, 14 желтоқсанда сағат 23.30-да Атбасар аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жедел жәрдем диспетчерінен хабарлама түскен. Ол Екатеринбург – Алматы тасжолында, Атбасардан 20 шақырым жерде жол апаты болғанын айтқан.

В ДТП под Атбасаром погиб сельский аким
© Photo : Департамент полиции Акмолинской области
Атбасар түбінде жол апатынан ауыл әкімі көз жұмды

"Алдын ала мәлімет бойынша, DAF автокөлігінің жүргізушісі, Орал қаласының тұрғыны рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ВАЗ-21214 автокөлігімен соқтығысқан. Бұл көлікті Державинск қаласының 51 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ВАЗ-21214 жүргізушісі оқиға болған жерде алған жарақатынан қайтыс болды. Ол – Тарасов ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратов.

В ДТП под Атбасаром погиб сельский аким
© Photo : Департамент полиции Акмолинской области
Апат Екатеринбург – Алматы тасжолында, Атбасардан 20 шақырым жерде болды

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сараптама тағайындалды. DAF автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына жабылды. Тергеу жалғасып жатыр.  

2451
Кілт сөздер:
жол апаты, әкім
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды
Ер адам жантүршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео
Солтүстік Қазақстанда көлік тоқтатып тұрған ауыл тұрғынын "ГАЗель" қағып кетті
Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото
Су-30СМ ұшағы

Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады

1073
(Жаңартылды 23:04 16.04.2021)
Қорғаныс министрлігіне қарасты Су-30 ұшағы Қарағанды ​​облысының аумағында апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды ​​облысында құлады.

"Балқаш қаласындағы авиациялық оқу орталығында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде СУ-30СМ көпфункционалды истребителі қону алаңына жақындап қалған сәтте апатқа ұшырады. Өзге жағдайлар анықталған соң, тиісті хабарлама жасайтын боламыз", – деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.

Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.

Алматы маңында бір ай бұрын құлаған ұшақ

Сенбі, 13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда, Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып, құлады. Салдарынан төрт адам қаза тауып, ауыр жарақат алған екі әскери қызметкер төртінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті борттық нөмірі 02 санымен белгіленген ұшақ ведомствоның авиациялық қызметіне тиесілі екенін растады. 

Ал бұған дейін осыған ұқсас жағдай 2012 жылы Шымкент маңында болған. Ол кезде Ан-72 апатынан 27 адам көз жұмды.

1073
Кілт сөздер:
әскери ұшақ, ұшақ
Тақырып бойынша
Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза болған әскеридің жұбайы: Әлі есеңгіреп тұрмын
Ресей әуежайында екі ұшақ соқтығысты – фото
Алматы түбіндегі ұшақ апаты: аман қалған екі әскери қызметкер есін жиды
Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео
"Кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді": дәрігерлер ұшақ апаты кезінде қалай жұмыс істеді
Отбасындағы зорлық-зомбылық

Жаңақала тұрғыны өгей қызын үш жыл бойы зорлаған: мектеп директоры сот алдына келді

1732
Батыс Қазақстан облысында өгей әкесінен зорлық көрген қыз оқыған мектептің директорына қатысты іс қарастырылуда. Ер адам 2020 жылы жазасын алды, енді құқық қорғау органдары мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында кішкентай қызға жасалған азғындық әрекетке қатысты сот ісі әлі де жалғасып жатыр. Бұл жолы сотқа қыз оқыған мектептің директоры тартылды, деп хабарлады жергілікті "Мой Город" басылымы.

2020 жылы Жаңақала ауданының тұрғыны Жақсыбай Сұлтан 20 жылға сотталды. Ол 10 жастағы өгей қызына қатысты үш жыл бойы азғындық жасады деп айыпталды.

Тергеу қыздың мұғалімдері бұл оқиға туралы білгенін, алайда құқық қорғау органдарына әдейі жүгінбегенін көрсетті. Нәтижесінде мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал қалған мұғалімдер аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң сөгіс алды.

Қылмыстық іс сотқа 2020 жылдың 7 сәуірінде түскен. Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметоваға қылмыстық кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айып тағылды. Істі Жаңақала ауданы сотында судья Ілияс Іргебаев қарайды.

Оқи отырыңыз: Министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім адамдарды атады

Негізгі сот процесі 16 сәуірге белгіленген.

Мектеп директоры адвокатының айтуынша, Лариса Қожахметова директор қызметінен шеттетіліп, үй қамауына алынды.

Айта кетейік, іс материалдарына сәйкес 2015 жылы Сұлтанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған (тонау, ұрлық бойынша отырған). Содан кейін қыздың анасымен танысып, бірге тұра бастайды. 2016 жылы қызға тиісе бастаған. Ол өгей қызын 2016 жылдан 2019 жылға дейін үш жыл ішінде жеті рет азғырған. Сотта ол өз кінәсін ішінара мойындады.

1732
Кілт сөздер:
Батыс Қазақстан облысы, баланы зорлау ісі, сот отырысы
Тақырып бойынша
Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыз жағдайын айтты
"Достарым сені зорлайды деді": 70 жастағы әйел басынан өткен сұмдықты айтты - видео
Құлақ көлінің жағасынан 4 адамның мәйіті табылды
Қанша педофилге химиялық кастрация жасалады – министрлік есебін жариялады
Әскери оқу-жаттығу

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

0
Британдық және америкалық радиоэлектронды барлау ұшақтары мен кемеге қарсы ұшақтар Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.

Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.

Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.

Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.

НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.

"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?

Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық.

"Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.

Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.

Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.

Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.

0
Кілт сөздер:
Украина, Ресей