Оқиға

Шымкент полициясы үйдің кіреберісінде әйел зорламақ болған ер адамның кім екенін анықтады

CC0 / / Ер адам баспалдақта тұр
Ер адам баспалдақта тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті – Шымкент қаласының тұрғыны, бұған дейін бірнеше рет істі болған, полиция іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте үйдің кіреберісінде зейнеткер әйелді зорламақ болған ер адам әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға 17 желтоқсан күні болған. Еңбекші аудандық полиция басқармасына сағат 23:15-те қарт әйелге көмек керек деген шақырту түсті.

"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде белгісіз біреу 1950 жылы туған әйелді зорламақшы болғанын анықтады", - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың арқасында күдіктінің кім екені анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет сотталған.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-тармағы, 120-бабы 1-тармағы (зорлауға әрекет ету) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Полиция қазір күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болып жатқан әрекеті видеоға түсіп қалды. Бұл туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады.

Видеодан подъезге кірген ер адамның әйелді артынан келіп буындырып, есінен тандырғанын көруге болады. Одан кейін қаскөй әйелдің шалбарын шешуге ұмтылады, осы жерден бақылау камерасына түсірілген видео үзіледі.

Жаңалықтар
0