Оқиға

Алматы облысында сырғанақ тепкен кішкентай қыз көз жұмды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАдамдар сырғанақ теуіп жүр, архивтегі сурет
Адамдар сырғанақ теуіп жүр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трагедия болған жер шаруа қожалығының аумағында орналасқан, полиция тексеріс жүргізіп жатыр, сараптамалар тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында жасөспірім қыз сырғанақ теуіп жүріп ауыр жарақат алды. Бала ауруханаға барар жолда көз жұмған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жазатайым оқиға Көксу ауданында болды.

19 желтоқсанда орталық аудандық ауруханасына бара жатқан жолда 10 жастағы қыз көз жұмды. Анықталғандай, ол Мұқыры ауылында сырғанақ теуіп жүрген кезде, ауыр жарақат алған.

Жергілікті биліктің ақпаратынша, трагедия болған жер адамдардың демалыс орнына арналмаған. Мұны қауіп жайлы ескертетін арнайы белгілер растайды. Алайда тыйымға қарамастан жақын маңдағы елді мекендердің, соның ішінде Талдықорған тұрғындары мұз төбешікті демалыс орнына айналдырып алған.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында сырғанақ тепкен ер адам мерт болды

Көксу ауданының әкімдігі құқық қорғау органдары қажетті сараптама тағайындап, тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Мұз төбешік шаруа қожалығының аумағында орналасқан. Қожайынның атына арнайы хат әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, осы және сырғанақ тебуге арналған өзге де орындарда профилактика мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастырылады", - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Бұл факті бойынша тексеріс бақылауда, оның нәтижесі қосымша хабарланады.

Жаңалықтар
0