Оқиға

"Бұлай болады деп күтпедік": Шымкентте бір топ адамның жиналу себебі белгілі болды

© Photo : otyrar.kzСотни людей столпились за "бесплатными" коврами в Шымкенте
Сотни людей столпились за бесплатными коврами в Шымкенте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарнама науқанын ұйымдастырушылар 500 кілем таратуды жоспарлаған, алайда келушілердің бәріне кілем жетпей қалды

АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте дүкен маңына таң атқаннан бері бір топ адам жиналды. Бұл дүкеннің иесі жуырда кілемдерді тегін тарататыны туралы хабарлама жасаған.

Қала тұрғындары дүкенге келушілерге тегін кілем берілетінін жарнаманы оқып, дүкен кіреберісіне жинады. Барлығы 500 кілем тарату жоспарлаған, деп хабарлады өңірлік Otyrar.kz басылымы.

Алайда бұл акцияны ұйымдастырушылар адам мұнша көп жиналады деп ойламаған. Соған байланысты тегін берілетін кілем жиналғандарға жетпей қалды.

"Біз осынша көп адам келетінін білмедік. Бұлай болады деп күтпедік. Кілем таратамыз деп ойладық, алайда барлық санитарлық талап бұзылды", - деп түсіндірді дүкен өкілдері.

Соған байланысты олар науқанды дереу тоқтатты.

Сонымен қатар БАҚ дүкенге полиция келгенін айтты. Көп адам жиналуына байланысты кілем сататын дүкен маңындағы дүкендер де жабылды.

Жаңалықтар
0