Оқиға

Алматыда адам өмірін қиған жол апаты: оқиға орнынан тапанша мен пышақ табылды

© Sputnik / СтрингерАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы полициясының қызметкерлері кеше, 26 желтоқсанда болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыда Бостандық ауданында қайғылы жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry Абай көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Әуезов көшесінен өткеннен кейін жүргізуші рөлге ие бола алмай, автокөлік көшедегі жарық бағанына соғылды.

© Sputnik / СтрингерКөлік астынан табылған тапанша
Алматыда адам өмірін қиған жол апаты: оқиға орнынан тапанша мен пышақ табылды - Sputnik Қазақстан
Көлік астынан табылған тапанша

1990 жылғы жүргізуші оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Жолаушылар орындығында отырған қыз бен жігіт ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнынан тапанша мен пышақ табылды. Полиция сараптама үшін қаруды тәркіледі.

Жаңалықтар
0