Оқиға

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылған жігіт терезеден не үшін секіріп кеткенін айтты

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуМужчина смотрит из окна на улицу
Мужчина смотрит из окна на улицу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 жастағы Виктор Александрович Кибко 3-ші қабаттан 2-ші қабаттың шатырына, содан кейін жерге секірген

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Оралда әскерге шақырылған жас жігіттің терезеден не себепті секіріп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің басқарма бастығы, полковник Қанатбек Мұсаевтің айтуынша, 18 жастағы Виктор Александрович Кибко мерзімді әскери қызметке шақырылған.

"Әскери қызметтен босатудың заңды негіздері болған жоқ. 30 қазанда шақыру қағаздары жіберілген. Бірақ ол келмеді", - дейді , - дейді Мұсаев.

2020 жылы 8 желтоқсанда полиция қызметкерлері оны медициналық куәландырудан өтуге Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинау пунктіне жеткізген. Ол терезені ашып, 3-ші қабаттан 2-ші қабаттың шатырына, содан кейін шатырдан жерге секірген.  

Жарақат алған жас жігіт бірден ауруханаға жеткізіліпті.

"Бұл әрекет әскери қызметтен жалтару мақсатында жасалды. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті барлық іс-шараны қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізді", - деп түйіндеді Мұсаев.

Терезеден секіріп кетті: Оралда әскери комиссариатта болған оқиғаның мән-жайы

Еске сала кетейік, бұған дейін әскерге шақырылған жігіттің анасы ұлының екі аяғы сынып, жұлын жарақатын алып, өздігінен жүре алмай қалғанын айтқан болатын.   

Жаңалықтар
0