Оқиға

Алматыда Өзбекстан азаматы пәтер иесін пышақпен қорқытқан

© Sputnik / Абзал КалиевҚарақшылық, иллюстративті фото
Қарақшылық, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде 48 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысы дәлелденген жағдайда ол бес жылға дейін бас бостандығынан айрылыуы мүмкін

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жалға алып, тұрып жатқан пәтердің иесін пышақпен қорқытқан Өзбекстан азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің бұзақылықты тоқтату туралы талабына мойынсұнбаған.

Ер адамның ерсі әрекеті туралы хабарлама түнгі 12 шамасында түсті.

"Великолукская көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын тұрғын қоңырау шалып, пәтерін жалдап тұратын адам пышақпен қорқытқанын хабарлады", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шақыруға бірінші болып "Гранит-8" патрульдік полиция экипажы келді. Сол уақытта бұзақы жеке үйдің қақпасында тұрып, пышақ көрсеткен.

"Ыңғайлы сәтті күткен полиция аға сержанты Кемелов самбо әдісін пайдаланып, аяғынан шалған. Сондай-ақ, әріптестерінің көмегімен ол тұтқындалды", – деп нақтылады Алматы полициясы.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзып, Алматыда тұрып жатқан 48 жастағы Өзбекстан азаматы екені анықталды.

Оқи отырыңыз: "Пышақпен қорқытып, видеоға түсірді": Жамбылда бала зорлығына қатысты іс дауға айналды

Ендігі жерде ол Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша жауапкершілікке тартылатын болды. Қылмысы дәлелденген жағдайда ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0