Өңірлер

Алматыда жаңа жыл түнінде балконнан өрт шықты – видео

© Photo : pixabay.comПожар, иллюстративное фото
Пожар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда көп қабатты үйдің балконынан өрт шықты, оған отшашу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін  

АЛМАТЫ, 1 қаңтар – Sputnik. Алматыда жаңа жыл басталған кезде тұрғын үй пәтерлерінің бірінен өрт шықты. Қаланың өрт сөндіру қызметі өрттің себебін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өртке пиротехниканы дұрыс қолданбау себеп болған.  

Төтенше жағдайдың видеосын куәгерлер әлеуметтік желіде жариялады.

"Бірінші қаңтарға қараған түні сағат 00:17-де өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Саялы ықшам ауданы, 51 мекенжайы бойынша шақыртуға шықты. Келген кезде бес қабатты үйдің бесінші қабатында тұрмыстық заттардың жанып жатқаны анықталды. Өрт бес минутта сөндірілді", - делінген төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында отшашу кезінде оқыс оқиға болды 

Өрт сөндірушілердің айтуынша, жалын үш шаршы метр аумаққа шарпыған.

"Өртке пиротехникалық заттарға ұқыпсыз қарау себеп болуы мүмкін", - делінген ақпаратта.

Ведомство қызметкерлері қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау апаттың алдын алатынын еске салды.

Жаңалықтар
0