Оқиға

Әйеліне келген SMS-ті көріп қойған ақтөбелік сот алдынан бір-ақ шықты

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мерекелік дастарқан басында ер адам бірнеше күн бұрын әйеліне бейтаныс адамнан интимді SMS-хабарлама келгенін есіне түсірген

АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны әйелін интимді хабарлама үшін сабап тастады. Әйелдің қабырғалары сынып, миы шайқалған, өкпесі жарылған. Алайда ол күйеуін кешіріп, жазаламауды сұрады, деп жазды "Диапазон" басылымы.

Оқиға ерлі-зайыптының үйінде болды. Мерекелік дастарқан басында ер адам бірнеше күн бұрын әйеліне бейтаныс адамнан интимді SMS-хабарлама келгенін есіне түсірген.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысының тұрғыны әйеліне SMS жазған еркекті сабап кетті 

Жанжал шыққаннан кейін әйел SMS жазған адаммен екі рет кездескенін айтқан. Осы кезде ер адам әйелді ұрып-соғып, тепкінің астына алған. Әйел балтамен қорғана бастаған, бірақ балтаның темір бөлігі ұшып кеткен. Ер адам балтаның сабын тартып алып, әрі қарай ұра берген. Әйел көршілеріне қашып құтылған.

Жанжалқой денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін жазаланды. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, әйел оны кешіріп, соттамауын сұрады. Ол үйдің жалғыз асыраушысы екенін алға тартты. 

Сот 56 жастағы айыпталушыны 3,5 жылға бас бостандығынан шектеді. Егер ол белгіленген режимді бұзса, жаза колониядағы нақты мерзімге ауыстырылады.  

Жаңалықтар
0