Оқиға

Орал тұрғыны дүкендегі әйелдердің төбелесін видеоға түсіріп алды

© Sputnik / Жоомарт УраимовЖенская драка, архивное фото
Женская драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкерлері  "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Орал тұрғыны дүкендегі әйелдердің төбелесін видеоға түсіріп, Instagram-да жариялады.

Бірінші видеодан сатушы мен сатып алушы жанжалдасып қалғанын көруге болады. Басқа роликте сатып алушы еденде жатыр, сатушылардың бірі оны ұстап отыр, ал екіншісі оның басынан ұрады.

"Ремзаводтағы "Сказка" дүкені, әйелдер, сіздерге не болған?",  – деп жазды видео авторы.

"Мой Город" порталының хабарлауынша, жанжалға сатушының шұжықты қолмен беруі себеп болған.

"Қазпоштаның" Балқаштағы бөлімшесінде қыздар төбелесті – видео

Полиция  "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0