Оқиға

Алматы орталығында жүргізуші танысына оқ атты

© Photo : пресс-служба департамента полиции Павлодарской областиПневматический пистолет, изъятый у хулигана
Пневматический пистолет, изъятый у хулигана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Оған бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылуы мүмкін 

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Алматыда танысының көлігіне оқ атқан 26 жастағы бұзақы ұсталды.

Қылмыс таңертең Райымбек даңғылы мен Абылай хан көшесінің қиылысында жасалған, деп хабарлады Polisia.kz.

"Алматы наш қой, брат!": қызу талқыланған видеодағы жігіттер анықталды 

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 1994 жылы туған жігіт травматикалық тапаншамен 1993 жылғы азаматтың автокөлігіне оқ атып, қашып кеткен.

"Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік құралына механикалық зақым келді. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, бейнебақылау жүйесінің деректері зерттелді. Күдіктілер дереу анықталып, олардың бірі қысқа мерзімде қамауға алынды", – деді полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Оның айтуынша, күдіктілердің біріне іздеу салынған. Тергеудің осы кезеңінде тараптардың бір-бірімен таныс екендігі анықталды, олардың арасында жанжал шыққан.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0