Алабай

"Аузынан көбік ағып жатты": Қазақстанда тағы бір итті көлікпен сүйреді фото

329
(Жаңартылды 17:11 13.01.2021)
Осы оқиғаға байланысты 52 жастағы тұрғын ұсталып, ол полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында жануарға жасалған қатыгездіктің тағы бір фактісі анықталды. Тағы бір жүргізуші итті көлікке байлап сүйреген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың бірі бұл жағдайды байқап қалып, суретке түсіріп алған. Кейіннен ол Instagram желісінде жарияланды.

"Иттің аузынан ақ көбік ағып жатты. Аянышты көрініс болғандықтан, оның жағдайына алаңдадым. Жүргізушіден сұрағанымда, ол итті осылайша тасымалдап жатқанын айтты", – деп жазады автор.

Суретте иттің мойнындағы қарғыбауының екінші ұшы жеңіл көліктің төбесіне байланғаны көрініп тұр. 

Осы факт бойынша Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылының 52 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

"Қазіргі уақытта істің мән-жайы тексеріліп жатыр. Мұндай іс-әрекетке заңды баға беріледі", – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Бұл бірінші оқиға емес…

Бірнеше күн бұрын осыған ұқсас оқиға Атырауда болды. Бұл жолы итті көліктің артына байлап, асфальт бетінде сүйреген сәтті куәгерлердің бірі түсіріп алған. 

Полиция басқармасының №1 полиция бөлімі 7 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша жануарларға қатыгездік көрсету фактісінің негізінде сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Сондай-ақ, бұған дейін Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны көлігімен итті жетекке алып жүрген видеосы желіде тараған. Кейіннен ол ветеринарлық ауруханадан шыққан соң алабайды көлікке сала алмағанын айтып ақталған.

Ал 2020 жылдың жазында әлеуметтік желіде ер адамның тоңазытқыш есігімен итті тұншықтырған видеосы пайда болды. Бұл көрініс те қоғамда қызу талқыланған соң қылмыстық іс қозғалып, бірақ көп ұзамай тоқтатылды. Одан кейін Лаки есімді итті АҚШ-тың Калифорния штатынан бір-ақ шықты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LUCKY from Kazakhstan 🇰🇿 (@oneluckydog_ca)

Жануарларды қорғаумен айналысатын қазақстандық белсенділер мұндай қатыгездік үшін жазаны қатаңдатуды бірнеше рет көтерді. Осы мақсатта 2020 жылдың қазан айында елордада бейбіт митинг те өткен.

Оқи отырыңыз: Итті тоңазытқыштың есігімен азаптаған Атырау тұрғынына қатысты іс қайта қозғалды

Айта кетейік, қолданыстағы заңда жануарлардың жарақат алуына немесе өлуіне әкелетін кез-келген қатыгездік үшін кінәліге 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу (350 мың теңге) қарастырылған. Сондай-ақ, осы мөлшерде түзету жұмысына немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті, 30 тәулікке дейін қамауға алумен жазаланады.

329
Кілт сөздер:
Алматы облысы, ит
Тақырып бойынша
Алматы облысының тұрғыны полицейлерге ит қосып, айтақтады
Аяғы шығып жатқан: Ит тірідей көмілген нәрестені құтқарып қалды
Әбжыланмен айқасқан ит өліп бара жатып баланы құтқарып қалды – видео
Қарағанды облысында алты жасар қызды ит талап өлтірді
Ит он жасар баланы қасқырдан құтқарды – видео
Жанып жатқан көлік, иллюстративті сурет

Ақтөбе облысында үш жасар бала ауладағы көліктің ішінде тірідей жанып кетті

224
Ағалы-інілі балалар үйдің ауласында тұрған көліктің ішінде ойнап жүрген, кенеттен автокөлік өртеніп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында үш жасар бүлдіршін өртенген автокөліктің ішінен шыға алмай, көз жұмды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Трагедия 16 маусымда Әйтеке би ауданы Еңбек ту кентінде болды.

Ағалы-інілі балалар үйдің ауласында тұрған бұзылған "ВАЗ 2106" автокөлігінің салонында ойнаған. Кенеттен белгісіз себептермен көлік өртеніп кетті. Жеті жасар бала сыртқа шығып үлгерді, үш жасар інісі тірідей жанып кеткен.

Аман қалған баланың денесін күйік шалған.

Қазіргі таңда өрттің себептері анықталып жатыр.

Ақтөбе облысының полициясы ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды, балалардың ойыны қайғылы оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

224
Кілт сөздер:
трагедия, балалар, көлік, Ақтөбе облысы
Тақырып бойынша
Алматы-Қорғас жолында жантүршігерлік оқиға: көлікте отырған екі адам тірідей жанып кетті
Қостанай облысында зейнеткер төсегінде тірідей жанып кетті
Тірідей жанып кетер еді: 72 жастағы қария мүгедек әйелін өлімнен құтқарды
Шығыс Қазақстанда екі адам тірідей өртеніп кетті
Иллюстративті фото

Батыс Қазақстанда жол апатынан кейін бірден бес адам жансақтау бөліміне түсті

16
(Жаңартылды 17:45 16.06.2021)
Жол апатынан жалпы сегіз адам зардап шекті. Жансақтау бөліміне жеткізілгендердің арасында бір жасар сәби бар

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Орал-Ақсай тас жолында болған жантүршігерлік апаттан сегіз адам жарақат алды. Олардың бесеуі, оның ішінде бір жасар бала жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлады "Мой город" порталы.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21103 және Volkswagen Sharan бүгін күндіз соқтығысқан.

Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып кетті

"Бөрлі - Ақсай - Жымпиты автожолының 27-шақырымында ВАЗ-21103 және Sharan маркалы көліктер Ақсай қаласына қарай бір бағытта келе жатқан. 37 жастағы Sharan жүргізушісі Пугачево ауылы тұсындағы қиылыста бұрылған, ал 27 жастағы ВАЗ-21103 жүргізушісі көлікті басып озуға әрекеттенген. Осылайша көліктер соқтығысты. Олардың ішінде 8 адам болды, олардың бесеуі жансақтау бөліміне жеткізілді, оның ішінде бір жасар бала бар", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемге қоңырау соғылғаннан кейін дәрігерлер бес минуттан соң апат орнында болғанын хабарлады.

16
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 11 жастағы қызды түні бойы іздеді

Шығыс Қазақстанда тауда жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың тағдыры не болды

0
Қыз Зайсандағы туыстарына Қапшағайдан қонаққа келген, сол күні олар отбасымен жайлауға тауға барған

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 11 жастағы қызды түні бойы іздеді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, түнгі сағат 12-де Зайсан ауданының полиция бөліміне қыз бала жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Ол жайылымнан қайтқан малдың алдынан шығамын деп, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жоғалып кеткен жігіттің денесін тас басып қалған 

Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы аттанып, қараңғы түскеніне  қарамастан тауда іздеу жұмыстарын бастады.

Төрт сағаттан кейін қыз табылып, туыстарына тапсырылды.

В Восточно-Казахстанской области полиция обнаружила пропавшего 11-летнего ребенка
© Photo : пресс-служба Департамента полиции ВКО
В Восточно-Казахстанской области полиция обнаружила пропавшего 11-летнего ребенка

Белгілі болғандай, қыз Қапшағай қаласынан Зайсанға туыстарына қонаққа келген.

Сол күні қыз бен оның туыстары Зайсаннан 150 шақырым жерде тауда орналасқан жайлауға мал айдап барған.

Баланың туыстары іздеуді жедел ұйымдастырғаны үшін полицейлерге алғысын білдірді.

0