Төбелес, иллюстративті фото

Өскеменде ер адам танысын жұрттың көзінше пышақтап тастады видео

718
Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны. Жанжалдың туу себебі анықталып жатыр

АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Өскеменде дәмханалардың бірінде төбелес шығып, бір адам қайтыс болды. Қайғылы жағдай Согра ауданында болған, деп хабарлады Polisia.kz.

Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, ер адам төбелес кезінде танысына пышақ сұққан. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бейнебақылау камерасы арқылы күдіктіні тез арада анықтады. Екі адам көңіл көтеру үшін бас қосқан. Ішімдік ішкен соң екеуінің арасында жанжал шыққан.

"Жанжал кезінде ер адам танысына пышақ сұғып, көптеген жарақат салды. Ол алған жарақаттан есін жимастан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны. Жанжалдың туу себебі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

718
Кілт сөздер:
адам өлімі, оқиға
Тақырып бойынша
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Тұрғымбаев: Қордайдағы жаппай төбелес кезінде 8 адам қаза болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес кезінде екі тұрғын көз жұмды: 11 адам ұсталды
Отқа оранған көлік

Алматыда көлік өртеніп кетті видео

102
(Жаңартылды 08:38 25.01.2021)
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға не себеп болғаны айтылды

АЛМАТЫ, 25 қаңтар — Sputnik. Алматының Рысқұлов көшесінде көлік өртенді. Зардап шеккендер жоқ.

Отқа оранған көліктің видеосы Kris.p.almaty Telegram-каналында жарияланды. Көлік өртеніп, айналаны қою қара түтін басқан. Болған жағдайды куәгерлер видеоға түсірді.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті жексенбі сағат 17.18-де 101 пультіне хабар түскенін айтты. Өрт сөндірушілер барған кезде BMW көлігі жанып жатқанын көрді. Өрт 17.39-да сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға көліктегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Құтқарушылар көлікте өрт бірер минутта тарап кететінін ескертті. Сондықтан темір тұлпарды арнайы көлікке қызмет көрсету орталықтарына тексеріске апарып отыру қажет.

102
Кілт сөздер:
Алматы, көлік, өрт
Тақырып бойынша
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Нұр-Сұлтанның аспанын қара түтін басты – өрттің видеосы
Нұр-Сұлтанда көліктің төбесіне адам отырғызып тасыған жүргізуші жазаланды – видео
Тұрғын үйдегі өрт сегіз адамның өмірін қиды
Елордада сауда орталығында өрт шықты – видео
Қыс, архивтегі фото

Балыққа барған: Әлем чемпионаты жүлдегерінің өліміне қатысты тың ақпарат шықты

9528
Көкшетау – Бурабай тас жолының сегізінші шақырымында Mercedes Benz 500G көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ағашты соққан   

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысының полиция департаменті қазақстандық шаңғышы Николай Чеботьконың өліміне қатысты ақпарат таратты.

Бұған дейін хабарланғандай, спортшы Көкшетау-Бурабай тас жолында жол апатынан көз жұмды. Көлікті өзі жүргізіп келе жатқан.

Жол апаты жексенбі, 24 қаңтарда сағат 01:20-да Бурабай курорттық аймағында болды.  

Полицейлер Көкшетау-Бурабай тас жолының сегізінші шақырымында Mercedes Benz 500G көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ағашты соққанын анықтады. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Басынан жарақат алған 1984 жылы туған жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның айтуынша, Николай екеуі "Үлкен Шабақтыдан" балық аулап қайтып келе жатқан.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері. 

Оқи отырыңыз: Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған. 

Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлдені иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.

9528
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
18 жастағы қазақстандық спортшы көз жұмды
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Ғалым, чемпион, актер: 2020 жылы өмірден өткен арда азаматтар
Архивтегі фото

Дене қызуы көтерілсе, міндетті түрде емханаға хабарласу қажет бас дәрігер

4
Мобильді топтар шақырту бойынша үйге барады, күн сайын науқастардың сатурациясын өлшеп, аудио және видео арқылы кеңес береді

АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Алматыда жедел респираторлық аурудың белгілері байқалған және коронавирус жұқтыруы мүмкін науқастарға мамандарды үйге шақыру арқылы медициналық көмек көрсетіледі. Ол үшін арнайы мобильді топтар құрылған. Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы қаласы №32 қалалық емханасының бас дәрігері Артур Қажыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мобильді топтар шақырту бойынша үйге барады, науқастарға аудио және видео арқылы кеңес береді. Сонымен қатар биологиялық материалдардың үлгісін алады.

"Егер науқаста ЖРВИ белгілері пайда болса, яғни, дене қызуы, жөтел болса, ол міндетті түрде емханаға хабарласуы қажет. Тіркеу бөліміне қоңырау түссе, олар міндетті түрде мобильді топқа қосады. Олар да телефон арқылы қоңырау шалған азаматтың жағдайын бағалайды. Содан кейін науқасты барып тексереді, көмек көрсетеді", - деді дәрігер.

Мобильді топ науқастан ПЦР тест алады. Содан кейін азамат 14 күн дәрігерлердің бақылауында болады. Екі апта өткен соң екінші рет коронавирусқа қарсы тексеріледі.

Мобильді топ қалай жұмыс істейді

Мамандар күнделікті бір рет қоңырау шалады, дене қызуы, жөтел, ентігу, әлсіздік бар-жоғын біледі. Күн сайын үйіне барып сатурацияны өлшейді, қажет болған жағдайда видео арқылы кеңес береді.

Оқи отырыңыз: Өңірлер коронавирус статистикасын не үшін жасырып отыр 

"Науқасты ауруханаға жатқызу барысында ентігудің пайда болуы, дене қызуының көтерілуі ескеріледі. Сонымен қатар науқастың қант диабетімен есепте тұруы, артериялық гипертензия, семіздіктің болуы, жасы маңызды саналады. Науқастың жасы 65-тен асқан болса, жағдайы нашарлап кетпеуі үшін ол дереу ауруханаға жеткізіледі", - деді ол.

Егер мамандарды шақырған науқаста коронавирус белгілері болмаса, бақылау 14 күнге жалғасады. Егер COVID-19 белгісі болса, науқас дереу ауруханаға жатқызылады.  

4
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында вакцина әуелі медицина қызметкерлеріне салынады
Қазақстанның бір облысында санитарлық бекеттер қойылады
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма?
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар көбейді
Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады