Жедел жәрдем

Қарағанды шахтасындағы төтенше оқиға: екі адам зардап шекті

844
(Жаңартылды 15:03 14.01.2021)
Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтасында метан газы мен ұсақ көмір фракцияларының шығарылымы жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысындағы көмір шахтасындағы апаттан кейін екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің ресми сайты.

"Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада газ бен көмір шығарылымы кезінде екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта олар облыстық медициналық орталықтың токсикология бөлімшесінде жатыр", – делінген хабарламада.

1969 жылы туған ер адам 14 қаңтар күні 03.33-те медицина мекемесіне жеткізілді. Пациентке токсикологиялық энцефалопатия диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты, орташа деңгейдегіге жақын, деді әкімдікте.

Екінші пациент 1997 жылы туған. Оған қойылған диагноз да токсикологиялық энцефалопатия. Сағат 03:35-те ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты.

Шахтадағы апат

Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтада метан газы мен ұсақ көмір фракцияларының шығарылымы жоғарылады. Мұндай жағдай барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде болғаны анықталды.

Тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орнынан кетіп үлгергенімен, машинисттің өзі шыға алмай қалды. Ал апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 жұмысшысы болған, оның 136-сы шығарылды.

Аталған факті бойнша төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің жанынан арнайы тергеу комиссиясы құрылды.

844
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
Ақтөбеде шахтада қаза тапқандардың әріптестері трагедия қалай болғанын айтты
Ақтөбеде шахтада қаза тапқан кеншілер отбасына төленетін өтемақы көлемі белгілі болды
Қарағандыда кеншілер ереуілге шықты
Қарағанды шахтасындағы апаттың мән-жайы: кеншінің бірі әлі де іздестірілуде
 Школьники зимой

Елорда мектебінде сабақ кезінде төтенше жағдай болды видео

0
Мектепте электр сымдарының қысқа тұйықталуынан түтін шыққан. Оқушылар мен ұстаздар зардап шеккен жоқ

АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда №73 лицейде алғашқы оқу күнінде төтенше жағдай болды. Адамдарды эвакуациялуға мектептен шыққан түтін себеп болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екінші ауысым кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлері түтіннің иісін сезген. Кейінірек оқушылар сыртқа шығарылды, оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер келді.

"Сағат 15:19-да мектептен қоңырау түсті. Оқиға орнына он құтқарушы мен екі техника жіберілді. Түтін шығуға қысқа тұйықталу себеп болған, ештеңе жанбаған", - деп хабарлады елордалық ТЖ департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  мектепке материалдық шығын келмеген, кабельдер бүлінбеген. Жағдайға байланысты хаттама толтырылды. Тексерістен кейін барлық оқушы мектепке кірді. Мектеп штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, карантинге байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. 4 наурыздан бастап мектепте оқушылар аралас форматта оқиды.

0
Мысық, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінен денесінің 70 процентін күйік шалған мысық табылды

4
Ветеринарлар үй жануары ашық оттан зардап шеккен деген болжам жасап отыр. Мысыққа жәбір көрсеткен адам туралы әзірге еш мәлімет жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің біріндегі кіреберістен күйік шалған мысық табылды.

Жартылай жанып кеткен мысықтың суреті әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін zverohelp_astana волонтері Вероника Бродецкая көмек көрсету үшін оны алып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zverohelp Astana (@zverohelp_astana)

"Кеше түнгі 11 шамасында "Сырдария" тұрғын үй кешенінде жанып кеткен мысық табылғаны туралы ақпарат алдық. Адамдар 109 желісіне хабарласып, мысыққа көмек көрсеткісі келген. Бірақ біз тез арада пост авторымен байланысып, мекенжайға жеттік. Мысық 11-ші қабатта болған. Оның үсті-басының бәрі жанып кеткен, табанының барлығы күлге айналған", - деді Вероника Бродецкая.

Хэлл Бой деген есім қойылған мысықтың денесінің 70%-ін күйік шалған. Ветеринарлық клиникада оған жедел көмек көрсетілді. Ол жазылу үшін бірнеше ай ем қабылдауы керек. Қазір марғау ветеринарлардың бақылауында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zverohelp Astana (@zverohelp_astana)

"Оның тіндерінде некроз пайда болып, интоксикация туындау қаупі бар. Қазір дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Ашық отқа жанып кететіндей бұл мысық қайда кіріп кеткенін түсінбеймін. Оның үстіне ол әдейі отқа түспейді. Түсініксіз жағдай", - дейді астана тұрғыны.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zverohelp Astana (@zverohelp_astana)

Волонтер Вероника Бродецкая мысық аман қалса, оған жаңа үй табатынына сенімді.

4