Құрылыс, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үйден құрылысшының мәйіті табылды

18577
(Жаңартылды 09:10 30.01.2021)
Құрылысшы жоғарғы қабатта жұмыс істеп жатқан кезде құрылыс материалы сынып кетіп, жерге құлап түскен

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Елордада жаңа салынып жатқан үйден құрылысшының мәйіті табылды. Полицияның дерегінше, жұмысшы жоғарғы биіктіктен құлап түскен.

Марқұмның туыстары бұған құрылыс алаңында техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы себеп болды деп отыр.

Қайғылы жағдай түскі 11-12-лердің шамасында болған. Құрылысшы сол сәтте жоғарғы қабатта жұмыс істеп жатыпты. Кенеттен құрылыс материалы сынып, жерге құлап түскен, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Өкінішке орай, марқұм тілге келместен, бірден жан тапсырыпты. Суыт хабарды естіген марқұмның ағасы оқиға орнына дереу жеткен. Айтуынша, құрылыс алаңында жұмыс істейтін бірде-бір адам болмапты. 3 сағаттан бері оқиға болған жерде жүрген туысы компания өкілдері төбе көрсетпегеніне налыды. Ол жұмыста техникалық қауіпсіздік сақталмағанына ашулы.

"Апалкамен бірге құлаған. Соған ілініп тұрған дейді, өзім көрген жоқпын. Ешқандай қауіпсіздік сақталмаған. Ол бірінші қабатты жұмыс істейтін бала ғой. Үстіне  шығу үшін корточкасы болуы керек екен. Қауіпсіздік сақталған, ремень болған дейді. Ол ременьді құлағаннан кейін де іле салуға болады", - дейді марқұмның ағасы Сәби Қуанышбаев.

Опат болған азамат үйдің үлкені екен. Отбасын асырап отырған да осы бала еді деп күйінді туысы. Соңғы рет інісін осыдан бір ай бұрын көргенін жеткізді. Жалпы, марқұм құрылыс саласында 3 жылдан бері жұмыс істеген. Қазір құрылысшының денесі мәйітханаға жеткізіліпті. 

Оқи отырыңыз: Павлодарда салынып жатқан "Спорт-сити" қалашығында құрылысшы көз жұмды

"Әке-шешесін асырып отырғаннан кейін міндетті түрде моралдық шығынын талап етеміз. Енді оларды кім асырайды", - деп күйінді Сәби Қуанышбаев.

Құрылыстың мердігері "Мейірім" компаниясы. Өзін директордың орынбасарымен деп таныстырған азамат, қауіпсіздік талаптары сақталған деп ақталды. Бірақ оған ұқсамайтын сияқты. Әр қабатқа ілінетін тор жоқ, тіпті сымдары да ашық-шашық жатыр. Дегенмен жауапты мекеме өкілі, құзырлы орган өкілдері кінәлі деп тапса, оны өз мойнына алуға дайын екенін жеткізді.

"Бүкіл мәселені заң тұрғысынан шешсін. Қарайық, қазір зерттеулер жүргізіліп жатыр. Өйткені, заң бойынша тергеу комитеті қандай үкім шығарады, сол үкім бойынша жауап беруге дайынбыз", - деді мердігер компания басшысының орынбасары Ерлан Әлиев.

Қалалық құзырлы орган өкілдері қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын бастап кетіпті. Қазіргі таңда куәгерлерден жауап алынуда. Қай бап бойынша іс қозғалатыны әзірге белгісіз.  

Белгілі болғандай, бұл құрылыс алаңында 60-қа тарта құрылысшы жұмыс істейді екен. Қайғылы жағдайдан кейін құрылыс уақытша тоқтатылған.

Айта кетейік, мердігер компания қайтыс болған жігіттің денесін туған жеріне жеткізуге көмектеспекші. Сондай-ақ жерлеу рәсіміне кететін шығындарды көтеруге уәде етті. 

18577
Тақырып бойынша
"Бомба түскендей шулап жатыр": әкімдік спортзалдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Астанада құрылысы бітпей құлаған коттедждің заңсыз салынып жатқаны анықталды
Әйел құлап бара жатқан баласының аяғынан ұстап қалды – таңғажайып видео
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

2058
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

2058
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан
Бес адам көз жұмған үй

Түркістанда 4 бала өлі табылды - оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жетті

6805
(Жаңартылды 22:55 27.02.2021)
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Түркістанда жеке тұрғын үйден бес адамның мәйіті табылды, оның төртеуі бала, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

"Үйден өрт белгілері жоқ. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлер, жедел жәрдем мен "ҚазТрансГаз" АҚ мамандары жұмыс істеп жатыр.

Министрлік өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

6805
Кілт сөздер:
бала, Түркістан

Дизайнер ең кішкентай иттерге қысқы киім тоқиды видео

0
Модельер Татьяна Гущина "қалта" иттері қыста тоңып қалмауы үшін оларға бас киім, жемпір, тіпті байпақ тоқиды

Сібір тұрғыны Татьяна Гущина ең кішкентай иттерді аязда далаға шығару үшін оларға жылы киімдер тоқып береді. Серуенге осындай сәнді киім киіп шыққан иттерді көргендер тамсанып қарайды. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

0