Бурабайда бір үйір қасқырды видеоға түсіріп алды

6254
Алайда желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі тек қасқырлар ғана осылай жүреді десе, өзгелері ит екенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде Бурабайда жүрген бір үйір қасқырдың видеосы тарап кетті. 

Куәгерлердің айтуынша, қасқырлар кеше, 30 қаңтар күні кешке мұз қатқан Бурабай көлінде жүрген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ваш Гид в Боровом! | Бурабай (@walk.burabay)

Алайда желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі тек қасқырлар ғана осылай жүретінін айтса, өзгелері бұл иттер деп отыр, деп жазады walk.burabay.

Әзірге бұл оқиғаға қатысты нақты түсініктеме болған жоқ.

6254
Кілт сөздер:
Бурабай, қасқыр, видео
Тақырып бойынша
Қазақстанға бір үйір қасқыр жақындап келе жатқаны рас па - министрлік түсініктемесі
Елорда маңында қасқыр өріп жүр – полиция видеоға түсініктеме берді
Тұрғындарды дүрліктірді: елдің батысында қасқыр бөлтіріктері үшін кек алды
"Ататын мылтық жоқ": Атырау облысында қасқыр қаптап кетті
"Қасқыр ұстайтын бүркіт те бар": 14 жасар құсбегі ата кәсібі жайлы айтып берді
Жедел жәрдем көлігі

Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды

16425
(Жаңартылды 10:19 06.03.2021)
Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Қайтыс болғандардың үшеуі ересек, біреуі бес жасар бала екені хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Аудандық өрт сөндіру қызметіне 5 наурыз, жұма күні хабар түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер төрт адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды "Ақ жайық".

Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1974, 1991 жылы туған ер адамдар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланған.

Болған жағдайдың мән-жайы қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысындағы Жаңатаста 3-қабаттағы пәтерде өрт шығып бес бала көз жұмған болатын. 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған екі ұл мен үш қыз ересектер қарауынсыз қалған.

Өрт салдарынан балалар иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады.

16425
Кілт сөздер:
мәйіт, өрт, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Түркістанда 4 бала өлі табылды - оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жетті
Бір үйдің 5 баласы көз жұмды – Жамбыл облысында пәтер отқа оранды
"Бұл еліміздің қасіреті": Тоқаев Жаңатастағы балалар өлімі туралы айтты
Жаңатаста 5 баланың өмірін қиған өрттің себебі анықталды
Жаңатаста 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді
Өрт сөндіру машинасы

Қара түтін қаптады: өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтанның сол жағалауына шұғыл жетті видео

183
Тұрғын үй шатырынан будақтаған қою қара түтінді куәгерлер Достық көшесіндегі ғимараттың үстінен түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Елордада "Халықаралық сауда орталығы" тұрғын үй кешені ғимаратында өрт шықты.

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Үш техника мен 13 қызметкер оқиға орнына келгенде "Дастархан" дәмханасының ішіндегі ас бөлме мен желдету жүйесінде өрт шыққаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші көз жұмды: Ақсуда қайғылы оқиғаның қалай болғаны айтылды

Желіде жарияланған видеода қою қара түтін мен өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресіп жатқанын көрінеді. 

Мамандардың айтуынша, өрт сағат 12.10-да оқшауланған.

183
Кілт сөздер:
елорда, өрт
Тақырып бойынша
Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып үлкен апаттың алдын алды – видео
Шымкентте ірі өрт болды
Ата-анасы жұмыста болған: СҚО-да тұрғындар үйден 5 жасар баланың денесін алып шықты
Екібастұзда жолаушылар вагоны отқа оранды
Павлодар облысындағы агрофермада болған өртте жұмысшы қаза болды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев ауыл мұғаліміне хат жазды

77
Тәжірибелі оқытушы зейнетке шыққаннан кейін Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарған, қор көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбеде тұратын білім саласының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы құттықтау хатты 74 жастағы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Валентина Спиридоноваға жолдады.

Валентина Григорьевнаның педагогикалық қызметі 1963 жылдан басталады. Спиридонова 1995 және 2009 жылдар аралығында Кемел Тоқаев атындағы жалпы білім беретін мектепті басқарған.

"Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Көктемнің сұлулық пен нәзіктік мерекесінде мейірімділігіңіз, түсіністігіңіз бен жемісті еңбегіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әр күн сізге және жақындарыңызға қамқорлық пен махаббат сыйласын. Зор денсаулық, жан тыныштығы мен бақыт тілеймін", - деп жазды Тоқаев өз құттықтауында.

Президенттің құттықтау хатын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады. Өңір басшысы да блім саласының ардагерін 8 наурызбен құттықтады.

Валентина Спиридонова и Амандык Баталов
© Photo : Акимат Алматинской области
Валентина Спиридонова мен Амандық Баталов

"Мен ауыл мұғалімімін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысбастылығына қарамастан мені және біздің мектепті ұмытпайтыны қатты қуантады. Оған үлкен алғысымды айтамын. Қазақстанымыз әрқашан гүлдене берсін",  - деді Валентина Спиридонова.

Ардагер педагог "Алтын барыс", "Ыбырай Алтынсарин", "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгілерімен, сондай-ақ "Шапағат" медалімен марапатталған.

Зейнетке шыққаннан кейін 2009 жылы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарды. Қор көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына елуден астам грант ұсынған.

77
Кілт сөздер:
Халықаралық әйелдер мерекесі, мұғалім, Қасым-Жомарт Тоқаев