ТАЛДЫҚОРҒАН, 2 ақпан – Sputnik. Алматы облысында 52 жастағы әйел мен сегіз жасар бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде көз жұмды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты Қарасай ауданындағы Сауыншы ауылының маңында болған. 52 жастағы әйел баламен бірге жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда оларды Toyota Camry Gracia қағып кеткен.
Көлікті 23 жастағы Алматы тұрғыны жүргізген, қазір ол қамауда отыр.
Алматыда автобус жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлік құралдарын жүргізетін адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Ұсталған жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Астаналық ер адам мереке қарсаңында әйел танысының үйіне құттықтай барып, қымбат сағатын ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізу нәтижесінде қымбат смарт-сағатты ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Ер адам танысының үйіне қонаққа барған. Оңай олжаға кенелуді ойлаған ол кетерінде үстел үстінде тұрған Apple Watch сағатын алып кеткені анықталды. Кейіннен оны ломбардқа өткізген. Қолды болған затты полицейлер тәркілеп, иесіне қайтарып берді.
Оқи отырыңыз: ҚТЖ екіұдай мәндегі құттықтау видеосы үшін кешірім сұрады
Қазіргі кезде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өзінің заңсыз әрекетін мойындады және оның өзге де қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов 8 наурызға қараған түні Қостанай полициясының қызметкері жасаған қылмыстың жай-жапсарын баяндады. Жанжалдасқан екеу сыныптас екені анықталды.
Облыс полициясының бастығы қарсыласын тіркелген қарумен атып тастаған қызметкердің департамент құрылымында басшылық қызмет атқармағанын, қарапайым бағдарламашы болғанын атап өтті. Ол қақтығысқа не себеп болғанын да хабарлады.
"Екі сыныптастың арасында жанжал шыққан. Ол оннан астам адам тіркелген чатта жалғасқан. Бағдарламашыға сыныптасы қоқан-лоқы жасаған", - деп жазды Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, полицейдің сыныптасы оған қарулы адамдар жібергенін айтып, өлтіремін деп қорқытқан. Ондай хабарламаны бірнеше рет жазған.
"Бұрын сотталған сыныптас ішімдік ішіп, 8 наурызда түнгі сағат үш шамасында танысымен бірге полицейдің үйіне келген. Ол оған тағы да қоқан-лоқы жасаған. Өзінің атына тіркелген қаруды алып шыққан полицей оқ атқан, жәбірленуші көз жұмды", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы.
Аймағамбетов қазіргі уақытта полиция қызметкері қамауға алынғанын хабарлады.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуден бөлек, ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Іс ерекше бақылауға алынды.
Оқи отырыңыз: Қостанайда ер адам құрдасын өлтірді - полицей ұсталды
Еске сала кетейік, бұған дейін 8 наурызға қараған түні Қостанайдағы Тәуелсіздік көшесінде ер адам ерегіскен қарсыласын атып өлтіргені хабарланған болатын.
Кейін күдіктінің құқық қорғау органының қызметкері екені белгілі болды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында үш қызды дүниеге әкелді.
Шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бүгінде нәрестелерді №1 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бақылауға алған, деп хабарлады Otyrar.kz.
"Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұлым мен екі қызым асыға күтіп отыр. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс", – дейді көпбалалы ана.
Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.
Ақ халаттылардың біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтарды анасы бауырына басты. Себебі жеті жарым айлық нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымаған, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?
Айта кетейік, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.