Өңірлер

Түркістан облысында ағайындылар араздасып, бір адам қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та қайғылы оқиғаның тойға дайындық кезінде болғаны туралы ақпарат жарияланған еді

АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында екі ағайынды арасында жанжал шығып, бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 30 қаңтарда Сарыағаш ауданында болған.

"Аталған оқиға бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі ағайындының араздасуы салдарынан бірінің ауыр жарақат алғанын анықтады. Ол жедел жәрем көлігінде қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Аталған жағдай қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді.

Сарыағаш аудандық соты шешімімен күдікті қамауға алынған. Сараптамалар тағайындалды.

Атырауда інісінің тойына келген төрт баланың анасы көз жұмды

Ал Сарыағаш аудандық сотында істі қараған судья Берік Қайыпов жанжалға қатысы бар екі азаматтың да 1970 жылы туғанын айтты.

"2021 жылдың 2 ақпанында сот істі қарап, күдіктіге қатысты екі айға "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Қайыпов.

Болған оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та оқиғаның тойға дайындық кезінде болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Жаңалықтар
0