ШҚО-да жедел жәрдем жүк көлігімен соқтығысты

Шығыс Қазақстанда дәрігерлер жол апатына түсті қайтыс болғандар бар

2230
(Жаңартылды 10:32 04.02.2021)
ДАФ" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жедел медициналық жәрдем көлігімен соқтығысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті. Көлікте болған екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Скорая помощь столкнулась с грузовиком в ВКО
© Photo : департамент полиции Восточно-Казахстанской области
ШҚО-да "жедел жәрдем" жүк көлігімен соқтығысты

Ресми мәліметке сәйкес, 3 ақпан күні "ДАФ" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Өскемен қаласынан Семейға қарай шыққан. Артында тіркемесі болған. Кешкі сағат 19:25 шамасында 29 жастағы ер адам көктайғақ пен бұрқасын салдарынан рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде дәл алдынан "ГАЗ-A31R23" маркалы жедел медициналық жәрдем автомобилі шыққан. 

"Жол-көлік апатынан 1972 және 1979 жылдары туған жедел медициналық жәрдемнің 2 жолаушысы ауыр дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. 44 жастағы жедел медициналық жәрдем жүргізушісі дене жарақатымен Семей қаласының ауруханасына жеткізілді", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы,  абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Қарағанды облысында полицейлер жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Айта кетейік, бұл бап бойынша белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

2230
Кілт сөздер:
жол апаты, дәрігерлер
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтан маңында 13 көлік соқтығысып, бір адам жарақат алды – видео
Тойдан қайтып келе жатқан отбасының 6 адамы көз жұмды
Әйнектің сынығы басына тиген: Алматыда жол апатынан жолаушы жарақат алды
Ақтауда болған жол апаты камераға түсіп қалды
Балыққа барған: Әлем чемпионаты жүлдегерінің өліміне қатысты тың ақпарат шықты
Үйдің кіреберісі

Ақтауда үйдің кіреберісінде болған жағдай видеоға түсіп қалды

1722
Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісіне түлкі кіріп кетті. Оқиға 34-ші шағын аудандағы "Сандықтас" тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Түлкінің бұл жерге қалай жеткені белгісіз.

Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді. 

"Тұрғындар түлкіні пәтерде ұстады деп ойламаймын. Бұл ең шеттегі үй, дала суық болғандықтан, түлкі даладан қашып келді деп ойлаймын", - деді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда көліктің ішіндегі арыстанның суреті жарияланған болатын. Ол жергілікті хайуанаттар бағынан екені анықталды. Алайда жеңіл көлікпен тасымалдауға рұқсат болмаған. Полиция тексеріс жүргізеді.

1722
Кілт сөздер:
видео, Ақтау
Тақырып бойынша
Арыстан өзін сипамақ болған туристің қолын тістеп жұлып ала жаздады – қорқынышты видео
Арыстан әйнектің арғы жағында отырған балаға тап берді – қорқынышты видео
"Ататын мылтық жоқ": Атырау облысында қасқыр қаптап кетті
Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарына қасқыр шапты
"Қасқыр ұстайтын бүркіт те бар": 14 жасар құсбегі ата кәсібі жайлы айтып берді
Архивтегі фото

Қазақстандықтар таратып жатқан жантүршігерлік видео қайда түсірілгені белгілі болды

7961
(Жаңартылды 16:03 07.03.2021)
Stopfake.kz порталы Нұр-Сұлтан қаласында түсірілді делінген видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін жазды

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде бірнеше адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның видеосы тарады.  

Роликтің астына: "Нұр-Сұлтан әкімдігі 8 наурызға орай көпбалалы аналарға 17 доллардан беріп жатыр", - деп жазылған.

Stopfake.kz порталы ол Қазақстанда түсірілмегенін хабарлады. Бұл онсыз да түсінікті еді, өйткені видеода адамдар не қазақша, не орысша сөйлемейді.

Кадрдан көпқабатты ғимараттың жоғарғы қабатындағы галереяда көптеген адам кептеліп қалғанын көруге болады. Таяныш қысымға шыдамай, сынып кетіп, бірнеше адам құлап кетеді.

Бұл видео Боливияда, Эль-Альто университетінде түсірілген. Трагедия студенттер жиналысқа бара жатқан кезде болған. Салдарынан бес адам көз жұмды, тағы үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан полициясы "қыздың елесі жүрген" ауылды тексерді – видео 

7961