Оқиға

"Тездет, бәрін бер": Тонаушылар кассирге бензин шашып, ақшаны алып кетті – видео

© Sputnik / Абзал КалиевКупюры в руках
Купюры в руках  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Қарағандыда медициналық бетперде киген екі адам микрокредиттік ұйымдардың бірін тонады. Күдіктілерді ұстау үшін жедел топ құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Қарағандыда қарақшылар микрокредиттік ұйымды тонап кетті.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртау Таймс | Temirtau (@temirtau.times)

9 ақпанда күндіз болған оқиғаның видеосы Тemirtau.times instagram-паблигінде жарияланды.

"Медициналық бетперде киген белгісіз екі адам микрокредиттік ұйымдардың біріне келіп, 28 жастағы кассир қызға бензин шашып, ақша беруін талап еткен", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ер адам қызды "айтқанымды істемей, қарсылық көрсетуге тырыссаң, өртеп жіберемін" деп қорқытқан. Кассир оларға 120 мың теңге берген.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтап, ұстау үшін полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды.

Жаңалықтар
0