Иллюстративті фото

Өскеменде ер адам полицейдің мойнына пышақ сұғып алды оқиғаның видеосы

5735
(Жаңартылды 10:51 10.02.2021)
Полиция қызметкерін пышақтаған ер адам ұсталды. Тәртіп сақшысына ота жасалды. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны полицейдің мойнына пышақ сұғып, қашып кетпек болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

8 ақпанда полицияға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде түнгі тыныштықты бұзған азаматтарға шағым түскен. Ол жерге полиция аға лейтенанты Нұржан Кәкеев пен Бекарыс Абдолданов барған.

Олар 9-қабатта екі жігіттің ішімдік ішіп, бір-біріне дауыс көтере сөйлесіп тұрғанын көреді. Полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түнгі уақытта тұрғындардың мазасын алмауды өтінеді.

Алайда тәртіп сақшысының ескертуіне құлақ аспаған екі жігіт дөрекілік танытады. Бірі күтпеген жерден полиция қызметкерінің мойнына пышақ сұғып, төменгі қабат арқылы сыртқа қарай қаша жөнелген.

Оқи отырыңыз: Полицейді қаққан ақмолалық бес жылға сотталды 

Алған жарақатына қарамастан Нұржан Кәкеев серіктесімен бірге тәртіп бұзған азаматты қуған. Ер адам сыртқа шыққан соң да полицейлерге пышағын оңды-солды сермейді. Тәртіп сақшылары бұзақының қолынан резеңке таяқпен ұрып, қолындағы пышағын жерге түсірген.

Қазір ұсталған 24 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 380-бабының 2-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полиция аға лейтенанты Нұржан Кәкеевке қажетті ота жасалды. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

5735
Кілт сөздер:
видео, полицей, Өскемен
Тақырып бойынша
Алматыда зейнеткер полиция қызметкерлеріне шабуылдады – видео
Жасөспірім қыз, архивтегі сурет

Павлодарда жасөспірім қызды қуып жетіп, бір тепкен ер адам тергеуге алынды видео

51
Жасөспірімнің анасы жанжалдың өршуіне жасөспірім қыз бен ер адамның сөзге келіп қалуы себеп болғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында жасөспірім қызды соққыға жыққан ер адамға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Павлодардағы дүкендердің бірінде ер адам мен 13 жасар қыздың арасында жанжал туындап, оның соңы әлімжеттік көрсетуге ұласқан.

Полиция қызметкерлері оқиға қатысушыларын анықтап, тергеу жұмыстарын бастады.

"Қазіргі кезде ер адам мен жасөспірімнің ата-анасынан түсініктеме алынып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның негізінде Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі 293-бабы бойынша ("бұзақылық") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – дейді Павлодар облыстық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Қолданыстағы заңда осы бап бойынша кінәлі адамдар екі мың айлық есептік көрсеткішке (5 834 000 теңгеге) дейін айыппұл төлейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына қатыстырылады. Сондай-ақ, алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартып, екі жылға дейінгі мерзімге құқын шектеу яки бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның жасөспірім қызды өтіп бара жатқан адамдардың көз алдында аяусыз ұрған видеосы тараған. Ол жерде еңгезердей жігіт жасөспірімді қуып жетіп, жерге құлатады да, соққыға жығады. Тіпті, аяғымен тебеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Это Павлодар, детка 🤷🏼‍♂️ (@pavlo.detka)

Кейіннен оқиға кейіпкерлері қаладағы №10 учаскелік полиция бөліміне жеткізіліп, жасөспірімнің ата-анасы да шақыртылған. Олардың айтуынша, жанжалдың өршуіне жасөспірім қыз бен ер адамның сөзге келіп қалуы себеп болған.

Оқи отырыңыз: Сабақта баланы ұрған: қостанайлық мұғалім қалай жазаланды

Жасөспірімнің анасы бұзақыны заң жүзінде жазалауды сұрап, құқық қорғау органдарына арыз жазды. Сондай-ақ, ол әлімжеттік құрбанына айналған қызына ара түспегені үшін сол маңдағы жаяу жүргіншілерге де ренішін білдірген.

51
Кілт сөздер:
Павлодар, әлімжеттік
Тақырып бойынша
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды
Жаңаөзендік бапкер бетінен ұрған қыздың анасы мәлімдеме жасады
"Кетпенмен де ұрған": Шымкентте оқушы сыныптасының әкесін өлтірді
ҚР Әскери сот төрағасы әскердегі әлімжеттік жасау әрекеттері туралы айтып берді
ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсеткен бозбала ақталды
Colt тапаншасы, архивтегі фото

Екібастұздағы кісі өлімі: қылмысқа не себеп болғаны хабарланды

1206
23 ақпанда Екібастұз қаласында аулада ер адам кісі қолынан көз жұмды. Артынша қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 65 жастағы ер адам ұсталды

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Полиция Екібастұз тұрғынын өлтірді деген күдікпен ұсталған адамнан жауап алды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Тұрмыстық және жұмыстағы жанжалға байланысты жәбірленуші мен күдікті бұрыннан өштесіп жүрген, осы жағдай кісі өлтіруге себеп болған", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Айта кетейік, бұған дейін Sputnik Қазақстан 23 ақпан күні таңғы сағат 08.00 шамасында Екібастұз қаласы Сәтпаев көшесіндегі тұрғын үй ауласында белгісіз біреу қоқыс төгуге шыққан ер адамға оқ атқанын жазған болатын. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды.

Екібастұзда далаға қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті – видео  

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады.

Күдіктінің қаруы тәркіленіп, өзі Екібастұз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

1206
Қазақстан азаматы

Қазақстанда қос азаматтық үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін

3
Жуырда Шымкент қалалық спорт басқармасының башысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар екені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық үшін жауапкершілікті қатаңдату керек деп санайды. Бұл туралы ол ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол көптеген елдегі сияқты Қазақстанда да қос азаматтыққа тыйым салынғанын атап өтті. Тиісті норма ел Конституцисында бар.

"Алайда, соңғы уақытта бізде қос азаматтық фактілері жиілеп кетті, тіпті олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де бар. Бұған белгілі себептерге байланысты жол берілмейді. Аталған проблема өте күрделі, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты. Мұндай фактілердің жолын кесу қажет", - деді Тоқаев кеңес отырысында.

Президент былтыр мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларын қос азаматтық анықталған жағдайда, қызметінен босатуды тапсырған болатын.

"Үкімет пен мемлекеттік қызмет істері агенттігіне атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндауды сұраймын. Мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті бұдан да қатаңдату керек сияқты", - деді мемлекет басшысы.

Жуырда Шымкент қалалық спорт басқармасының башысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар екені анықталды. Осыған байланысты шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды.

Өткен жылдың соңында "Олег Почиваловтың Қазақстан мен Ресейдің қос азаматтығы бар" деген ақпарат тараған болатын. Сол кезде спорт басқармасы осы мәліметті жоққа шығарған.

Оқи отырыңыз: Илья Ильин Қазақстан азаматтығынан айырылған шенеунікке араша түсті 

Ал 10 желтоқсанда сенатта өткен жиында ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қос азаматтығы бар екі мемлекеттік қызметші туралы айтқан. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы он бір айдың ішінде қос азаматтыққа қатысты 431 факт тіркелді. Соның ішінде Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында екі мемлекеттік қызметшінің қос азаматтықпен жүргені анықталды.

3