Қарақшылық әрекет, архивтегі сурет

Пакет толы ақшаны тартып әкетті: Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды

1365
Тәртіп сақшыларының айтуынша, тергеу кезінде ЖШС қызметкерлерінің қылмысқа қатыстылығы да мұқият тексерілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Елордада бір топ қарақшы ЖШС қызметкерлеріне шабуыл жасап, миллиондаған ақшаны тартып әкетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық ЖШС менеджері Есіл аудандық полиция бөліміне келіп, Мәңгілік ел көшесінде белгісіз адамдар тарапынан шабуылға ұшырағанын айтып шағымданған.

Жәбірленушінің сөзінше, сағат 20:00 шамасында ол өз әріптесімен бірге банкоматтан 10 миллион 900 мың теңгені шешіп алған.

"Олар терминал орналасқан ғимараттан шығып, көлікке бара жатқанда төрт жігіттің шабуылына ұшыраған. Пакет толы ақшаны тартып алмақ болған қарақшылар менеджерді соққыға жыққан. Жанжал кезінде шабуылдаушылар газ баллонын қолданып, ЖШС қызметкерлерінің 3 миллион теңгесін әкеткен. Қылмыскерлердің сыбайластары оқиға орнына жақын маңда автокөлікте күтіп тұрғандықтан, олар лезде із суытып үлгерген", – делінген ақпаратта. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қарақшылық жасады деген күдікпен 18-23 жас аралығында жеті жігітті ұстады.

Қазіргі кезде аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тексере келе күдіктілер қаражаттың бір бөлігін жұмсап үлгергені белгілі болды. Ал тінту кезінде табылған 700 мың теңгені полицейлер тәркіледі.

Оқи отырыңыз: Мүфтият: ислам қаныпезер қарақшылық пен қан төгуді қатаң айыптайды

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тергеу кезінде ЖШС қызметкерлерінің қылмысқа қатыстылығы да мұқият тексерілетін болады.

1365
Кілт сөздер:
тонаушылар, қарақшылық шабуыл
Тақырып бойынша
Әйелді байлап, қару кезеген: Түркістан облысы тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасалды
Kaspi bank бөлімшесіне кімдер қарақшылық шабуыл жасағаны белгілі болды – видео
Шуда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалды
Алматыда дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды
Полиция астанада болған қарақшылық шабуылдың видеосын жариялады
Өрт сөндіру машинасы

Қара түтін қаптады: өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтанның сол жағалауына шұғыл жетті видео

74
Тұрғын үй шатырынан будақтаған қою қара түтінді куәгерлер Достық көшесіндегі ғимараттың үстінен түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Елордада "Халықаралық сауда орталығы" тұрғын үй кешені ғимаратында өрт шықты.

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Үш техника мен 13 қызметкер оқиға орнына келгенде "Дастархан" дәмханасының ішіндегі ас бөлме мен желдету жүйесінде өрт шыққаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші көз жұмды: Ақсуда қайғылы оқиғаның қалай болғаны айтылды

Желіде жарияланған видеода қою қара түтін мен өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресіп жатқанын көрінеді. 

Мамандардың айтуынша, өрт сағат 12.10-да оқшауланған.

74
Кілт сөздер:
елорда, өрт
Тақырып бойынша
Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып үлкен апаттың алдын алды – видео
Шымкентте ірі өрт болды
Ата-анасы жұмыста болған: СҚО-да тұрғындар үйден 5 жасар баланың денесін алып шықты
Екібастұзда жолаушылар вагоны отқа оранды
Павлодар облысындағы агрофермада болған өртте жұмысшы қаза болды
Архивтегі фото

Анасы қызын айдалаға апарып өлтірген Қостанайда жантүршігерлік іс тергеліп жатыр

6393
(Жаңартылды 20:32 04.03.2021)
11 жылдан кейін әйел полиция қызметкерлеріне өзінің бір жарым жасар қызын өлтіріп, елсіз далаға апарып тастағанын мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қостанай облысының полиция қызметкерлері баланы өлтіру ісін тергеп жатыр. Күдікке қыздың анасы ілікті.

Тергеушілерге он жылдан астам уақыт бұрын бір жарым жасар қызды өлтіргені туралы ақпарат түскен, деп хабарлады alau.kz порталы.

Тәртіп сақшылары қызға қатысты барлық ақпаратты тексере келе, тергеуді бастады. Бала азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген. Құжаттарда қыздың анасы тұрған ауыл көрсетілген. Алайда әйел де, оның қызы да онда ұзақ жылдар бойы тұрмағаны анықталды.

Нәтижесінде полицейлер баланың анасын тапты, ол болған жағдайды айтып берген.

"Жанжал кезінде ол үйден кетіп қалған. Оны үйден қуып шыққан... Осы себепті жағдайы қиындаған, ол баланы елсіз далада өлтіріп, тастап кеткен", - деді Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.

Әйел полицейлерге баланы тұншықтырып өлтіргенін, қыздың денесін ауыл шетіне қалдырып, облыстың басқа ауданына кеткенін мойындады.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда сырттан үйіне келген ер адам қылмыстың үстінен түскен   

Баланың сүйегі табылмады. Әйел көрсеткен жер адам танымастай өзгерген. Ол жер бұрын елсіз дала болған, қазір жол салынған.

"Теориялық тұрғыдан, әрине, өзіне жалған кінә тағуы мүмкін. Яғни, дәлел болуға тиіс. Бала дүниеге келген, қазір жоқ, дәлел әзірге осы. Ол тірі болуы да мүмкін", - деп түсіндірді бөлім бастығы.

6393
Тақырып бойынша
Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді
Қазақстандық әйел ұлын өлтірген ресейлік студент қызды кешірді
Бір жасар сәби жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен: анасының қылмысы әшкере болды
Оралда туған баласын өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті
Шымкент қаласы

Шымкенттің бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

8
(Жаңартылды 19:09 05.03.2021)
Бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Шымкент қаласының аумағында 2021 жылдың 8 наурызы сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 29 наурызы сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген құжатта. 

Айта кетейік, бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады. Басқа шараларды, соның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, беташар және тойды өткізуге болмайды.

Ашық алаңда және ғимаратта орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарын 50 процентке дейін толтыруға рұқсат беріліп отыр. Алайда жалпы адамдар саны 50-ден аспауы тиіс. Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары да жұмыс істейді. Адам санына қарай шектеу бар.

Жанар-жағармай станциялары мен ондағы дүкендер, автоэкспресс, автожуу, көліктер, сағаттар, телефондар, компьютерлер мен аяқкиім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері мен туристік базалар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, спорттық шаралар өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бірақ көрермен саны ғимарат сыйымдылығының 20 процентінен аспауы қажет. Ал кеңсе қызметкерлерінің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшірілуі шарт.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавируспен 216 467 адам тіркелген. Соңғы бір тәуліктің ішінде ПТР-тест арқылы тағы 857 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Шымкент қаласында тіркелген 27 науқас бар.

 

8
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Полиция Шымкентте жұртты шошытқан жағдайға байланысты түсініктеме берді
Шымкентте куәгерлер "қыз алып қашқандарды" видеоға түсіріп алды
Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды
Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз табылды