АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі тауға жалғыз кеткен 40 жастағы ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Оның денесі ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен табылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ведомство ауа райы жақсара салысымен аппарат шыңның периметрін тексеруге ұшырылғанын хабарлады.
"Дрон теңіз деңгейінен үш мың үш жүз метрден астам биіктікке бірнеше рет көтерілді. Тағы бір көтерілген кезде ол құлаған адамның ізін тіркеді, бұл құтқарушыларға бағдарлауға және іздеу аймағын оқшаулауға мүмкіндік берді", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Оның айтуынша, осыдан кейін құтқарушылар өрмелеу техникасы мен арқандарды пайдаланып, шатқалға түсті. Қар көшкіні қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта зардап шегушіні тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шамамен үш сағатқа созылады.
Барлығы құтқару жұмыстарына 70 құтқарушы мен он екі техника жұмылдырылды.
Бұған дейін хабарланғандай, 11 ақпанда Алматы қаласының құтқару қызметіне тауға жалғыз шыққан ер адамнан қоңырау түскен. Ол ауа райының қолайсыздығына байланысты таудан өздігінен түсе алмағанын айтып, құтқарушылардан көмек сұраған.
Іздестіру іс-шараларына төтенше жағдайлар министрлігінің ондаған қызметкері жұмылдырылды. Іздеу түнде де тоқтаған жоқ.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Павлодарда орталық көшелердің бірінде ер адамның 13 жастағы қызды не үшін тепкілеп тастағаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, ер адамның жасөспірімді қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда ешкім оған араша болмаған. Оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын телефон арқылы айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде 3 қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жаңағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын", - дейді зардап шегушінің анасы.
Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырып қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапты. Алайда ол кінәсін мойындаудан бас тартқан.
Оқи отырыңыз: Павлодарда жасөспірім қызды қуып жетіп, бір тепкен ер адам тергеуге алынды – видео
Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлады.
Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Санитарлық рейс орындайтын "Азия Континенталь" компаниясының Ан-2 ұшағы Алматы облысындағы Боралдай тас жолынан шығысқа қарай бір жарым шақырым қашықта шұғыл қонуға мәбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
"Ұшақ бортында бес адам болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдай бүгін сағат 12:30-да болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тергеу шараларын индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әуе кемелері апаты мен оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында болған еді. Өскемен–Зайсан бағытында санитарлық рейске шыққан Ан-2 ұшағы шұғыл қонды.
Оқи отырыңыз: Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды
Зайсан қаласындағы науқасқа көмек көрсету үшін ұшып шыққан ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болған.
Кейіннен ұшақтың қайта көкке көтерілгені хабарланды.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында қаскүнемдер мектепке баса-көктеп кіріп, 300 оқушыны ұрлап әкетті, деп хабарлады РИА Новости жергілікті PM News газетіне сілтеме жасап.
Оқиға жұмаға қараған түні Джангебе елді мекенінде болған. Ондаған содыр мектеп жанындағы әскери бекетке оқ атып, одан кейін білім ордасына басып кірген. Адам ұрлығы түнгі сағат 02:00 шамасында болған.
5 маусымдағы қырғын: 2016 жылғы Ақтөбедегі терактінің белгісіз тұстары
Жергілікті басылым кейбір әскерилер жарақат алуы ықтимал екенін жазды, дегенмен оқыс оқиғадан көз жұмғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Елді мекен тұрғындары оқушы қыздарды құтқару үшін қаскүнемдерді іздестіріп жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы Ниегрияның Кацина штатында осыған ұқсас жағдай болған.