АЛМАТЫ, 14 ақпан — Sputnik. Алматы облысында Есік қаласының перзентхана қызметкерлері мінген шағын автобус аударылды. Көлікте жиырмадан астам адам болған, үшеуі ауруханаға жеткізілді.
Жол апаты жайлы ақпарат Kris_p_issyk Instagram парақшасында жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео авторының ақпаратына сәйкес, апат таңғы 07:40-та болған. Есік қаласының перзентхана қызметкерлері мінген шаңын автобус апатқа ұшырады, деп жазылған.
Жүргізуші жарақатына қарамастан, алдыңғы терезені бұзып, адамдарды далаға шығарған.
Автор шағын автобусты перзентхана басшылығы емес, қызметкерлер өздері жалдағанын айтып отыр.
Алматы облысы полиция департаменті апат жайлы ақпаратты растады. Оқиға Талғар-Есік-Бәйдібек би автожолының 72-ші шақырымында болған.
Жедел-тергеу тобы "Мерседес Спринтер" көлігінің 41 жастағы жүргізушісі Сатай ауылының маңында рөлге ие бола алмай қалғанын анықтады. Көктайғақ болғаны хабарланып отыр.
Оқиға қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Еңбекшіқазақ көпбейінді ауданаралық ауруханасының әкімшілігі үш адам ауруханаға түскенін айтты.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Павлодарда орталық көшелердің бірінде ер адамның 13 жастағы қызды не үшін тепкілеп тастағаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, ер адамның жасөспірімді қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда ешкім оған араша болмаған. Оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын телефон арқылы айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде 3 қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жаңағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын", - дейді зардап шегушінің анасы.
Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырып қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапты. Алайда ол кінәсін мойындаудан бас тартқан.
Оқи отырыңыз: Павлодарда жасөспірім қызды қуып жетіп, бір тепкен ер адам тергеуге алынды – видео
Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлады.
Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Санитарлық рейс орындайтын "Азия Континенталь" компаниясының Ан-2 ұшағы Алматы облысындағы Боралдай тас жолынан шығысқа қарай бір жарым шақырым қашықта шұғыл қонуға мәбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
"Ұшақ бортында бес адам болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдай бүгін сағат 12:30-да болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тергеу шараларын индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әуе кемелері апаты мен оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында болған еді. Өскемен–Зайсан бағытында санитарлық рейске шыққан Ан-2 ұшағы шұғыл қонды.
Оқи отырыңыз: Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды
Зайсан қаласындағы науқасқа көмек көрсету үшін ұшып шыққан ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болған.
Кейіннен ұшақтың қайта көкке көтерілгені хабарланды.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Сонымен, Ерболат Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.
Оқи отырыңыз: Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады
Ал Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегі Америка департаментін басқарған.
Интернеттен Ерболат Сембаев пен Болат Сүгірбаевтың бұрынғы жұмысы туралы басқа ақпарат табылмады.