ПАВЛОДАР, 15 ақпан – Sputnik. Павлодарда ақпанның 13-нен 14-не қараған түні үйдің кіреберісінде ер адамды соққыға жықты. Болған жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Екі жігіттің бір ер адамға жабылғанын көруге болады. Олардың бірі зардап шегушіні бірнеше рет жұдырықпен ұрды. Бұдан соң соққы тиген жігіт баспалдақтан құлады. Шабуыл жасағандар қашып кетті.
Шуды естіген тұрғындар пәтерлерінен шығып, мән-жайды сұрады. Шабуыл жасаған жігіттердің бірі зардап шегуші қарындасын ренжіткенін айтқан.
Sputnik Қазақстан сұрауына жауап берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева бұл мекенжай бойынша ешкім жедел жәрдем шақырмағанын жеткізді.
"Бұл факті бойынша полицияға ешкім арыз жазбады. Оқиға тіркеліп отыр. Полиция видеодағы адамдарды анықтап жатыр", - деді өңірлік полиция департаментінің жетекшісі Жанна Белялова.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Санитарлық рейс орындайтын "Азия Континенталь" компаниясының Ан-2 ұшағы Алматы облысындағы Боралдай тас жолынан шығысқа қарай бір жарым шақырым қашықта шұғыл қонуға мәбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
"Ұшақ бортында бес адам болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.
Ақпаратта төтенше жағдай бүгін сағат 12:30-да болғанын атап өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тергеу шараларын индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әуе кемелері апаты мен оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында болған. Өскемен – Зайсан бағытында санитарлық рейс орындайтын Ан-2 ұшағы шұғыл қонған.
Оқи отырыңыз: Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды
Зайсан қаласындағы науқасқа көмек көрсету үшін ұшып шыққан ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі медициналық қызметкері болған.
Кейіннен ұшақтың қайта көкке көтерілгені хабарланған.
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Атырау–Орал тасжолындағы жол апатынан тағы 4 адам қаза тапты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция ақпаратына сәйкес, 26 ақпанда сағат 3:29 шамасында Ақжайық ауданы Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде екі көлік соқтығысқан.
Соның салдарынан екі көлік ішінде отырған 4 адам қаза тапты. Тағы 6 адам Тайпақ ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, 22 ақпанда Орал–Атырау тасжолында жол апаты болып, алты адам оқиға орнында қайтыс болған еді. Бір адам ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota мен Lada автокөлігінің соқтығысуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жолда көру мүмкіндігі нашарлаған.
Оқи отырыңыз: Ақтауда болған жол апаты камераға түсіп қалды
Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "көлікті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеу жүргізілуде.