НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Таразда адам өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Әл-Фараби мен Ниетқалиев көшелерінің қиылысында BMW мен Volkswagen соқтығысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Екі көлік соқтығысқан кезде машинаның бірі жол жиегіне шығып кетті. Дәл осы уақытта коммуналдық қызмет жұмысшысы аумақты тазалап жүрген.
Автокөлік әйел адамды қағып, ол сол мезетте көз жұмды.
Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі ("Абайсызда адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі жүргізуші бес жылға дейін сотталуы мүмкін.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына айтып берген. Оқиға Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданында 25 ақпан күні болған, деп хабарлады Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Серік Баймұқановтың 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып терезеден аулада тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған. Қауіпті жағдайларда не істеу керек екенін жақсы білетін Нұрия бірден әкесіне хабарлаған.
Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды тапсырып, ойланбастан көшеге шыққан. Өрт шыққан көліктің жанында басқа да көлік құралдары тұрған. Ол басқа көлік құралдарының дабылын іске қосып, көлік иелерінің назарын аудару үшін оларды соға бастаған.Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жеті жасар қыз анасын құтқару үшін полицияға телефон соқты
Бұдан кейін көлік иелері тысқа шыққанда көліктерді өрт ошағынан алыстатуды өтініп, сыртқа шыққан жастармен бірге өрт ошағын оқшаулауға кіріскен.
Осылайша кішкентай қыздың қырағылығының арқасында үлкен апаттың жолы кесілді.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. 26 ақпанда Боралдай әуежайынан ұшып шыққан Ан-2 апатты жағдайда шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың командирі Тахир Өтегенов не болғанын айтып берді.
"Шұғыл тапсырманы орындауға ұшқан кезде 50 метр биіктікке көтерілгенде мен құлап жатқанымызды сездім, қозғалтқыштың қуаты әлсірей бастады. Мен әуежайға оралу үшін ұшақты кері бұрдым. Ұшақтың ішінде жолаушылар болғандықтан және елді мекеннің үстінен ұшып бара жатқанымызды ескеріп, қонуға мейлінше қолайлы жер таңдадым. Борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері дін аман", - деді Тахир Өтегенов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетсек, 26 ақпанда сағат 12:30 шамасында "Азия Континенталь" компаниясының Боралдай-Кеген бағытында санитарлық рейске шыққан АН-2 ұшағы автомобиль жолынан бір шақырым жерге қонуға мәжбүр болды.
Ұшақ ішінде бес адам болған – екі экипаж мүшесі мен үш жолаушы (медициналық қызметкерлер). Қазіргі уақытта индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе апаттарын тергеу басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Белгілі қазақстандық журналист Қазис Тоғызбаев дүниеден озды, деп хабарлады оның әріптесі Нәзира Дәрімбет.
Дәрімбет өзінің Facebook-тегі парақшасында Тоғызбаевтың жақында коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскенін атап өтті. Сәуірде ол 73 жасқа толар еді.
Тоғызбаев тілші болып жұмыс істеген "Азаттық" сайтының хабарлауынша, журналист ауруханадан шыққаннан кейін бес күннен соң қайтыс болған. Оған COVID-19 диагнозы 25 қаңтарда қойылды.
Жұма күні Қазис Тоғызбаевты қайтадан үйінен ауруханаға алып кеткен, ал жексенбіде отбасына Тоғызбаевтың жүрегі мәңгіге тоқтағанын хабарлады.
Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды
Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев "Азаттық" редакциясында 2008 жылдан бері жұмыс істеді. Әскери қызметті аяқтағаннан кейін ол журналистикамен айналысып, суретке түсіруге қызығушылық танытты. Ол оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде жұмыс істеді.