Шығыс Қазақстанда балалар құтқарылды

Шығыс Қазақстанда балаларды өзен жағалауында үсік шала жаздады

379
Балалардың арасындағы ең үлкені өзенді кешіп өтіп, жақын маңда орналасқан құтқарушылар бөлімшесіне жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Құтқарушылар Үлбі өзенінің жағасында қалып қойған балаларға көмек көрсетті. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

11 және 16 жастағы үш бала айналма жол арқылы өзеннің арғы бетіне өтіп, мұзда сырғанамақ болған. Үйге қайтатын кезде балалар өз бетінше жете алмайтынын түсінген. Тоңып әрі шаршап қалған жасөспірімдер үшін жол жүру қиынға соққан. Сондықтан араларындағы ең ересегі көмек шақыруға кеткен. Ол өзенді кешіп өтіп, жақын жерде орналасқан құтқарушылар бөлімшесіне жетіп, мән-жайды баяндаған.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да 40℃ аязда көшеде жалғыз жүрген бала табылды 

Құтқарушылар арнайы қайыққа мініп, жағалауға жетіп, балаларға қауіпсіз жерге эвакуациялады. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қатты тоңып қалған балаларды тексерген соң, оларды ауруханаға жеткізді.

379
Тақырып бойынша
Алматыда тауға шыққан альпинистің көзі көрмей қалды
Түні бойы салбырап тұрған: әйел қоршауға қыстырылып, үсіп өлді
Павлодар облысында Қырғызстанның екі азаматы үсіп қала жаздады
Достары шақырған: Жаңа жыл түні үйіне қайтып келе жатқан жас жігіт үсіп өлді
Архивтегі фото

"Малсың деген": Желіде тараған видеодағы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты

1652
Дүкенде тұрған 3 қыздың біреуі ер адаммен сөзге келіп қалып, оған "мал" деп айтқан. Ол бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалған, дейді жәбірленушінің анасы

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Павлодарда орталық көшелердің бірінде ер адамның 13 жастағы қызды не үшін тепкілеп тастағаны белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Это Павлодар, детка 🤷🏼‍♂️ (@pavlo.detka)

Айта кетейік, ер адамның жасөспірімді қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда ешкім оған араша болмаған. Оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын телефон арқылы айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде 3 қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жаңағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын", - дейді зардап шегушінің анасы.

Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырып қалған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапты. Алайда ол кінәсін мойындаудан бас тартқан.

Оқи отырыңыз: Павлодарда жасөспірім қызды қуып жетіп, бір тепкен ер адам тергеуге алынды – видео 

Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлады.

Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.

1652
Оқиға орнында түсірілген сурет

Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды видео

1677
(Жаңартылды 15:26 26.02.2021)
Боралдай – Кеген бағыты бойынша санитарлық рейс орындайтын Ан-2 ұшағы тас жол маңына шұғыл қонды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Санитарлық рейс орындайтын "Азия Континенталь" компаниясының Ан-2 ұшағы Алматы облысындағы Боралдай тас жолынан шығысқа қарай бір жарым шақырым қашықта шұғыл қонуға мәбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

"Ұшақ бортында бес адам болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай бүгін сағат 12:30-да болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Тергеу шараларын индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әуе кемелері апаты мен оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында болған еді. Өскемен–Зайсан бағытында санитарлық рейске шыққан Ан-2 ұшағы шұғыл қонды.

Оқи отырыңыз: Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды

Зайсан қаласындағы науқасқа көмек көрсету үшін ұшып шыққан ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болған.

Кейіннен ұшақтың қайта көкке көтерілгені хабарланды.

1677
Кілт сөздер:
Алматы облысы, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Жеке ұшақ, қымбат көлік, бірнеше коттедж: Ертаев пен Ибрагимнің мүлкі тәркіленді
Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері
Ұшақ бортында ауырып қалған бала Ақтауда қайтыс болды
Индонезиядағы Boeing 737 апаты: құтқарушылар ұшақ жолаушыларының дене бөлшектерін тапты
Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады
Алматыда ұшақ әуежайға қонар кезде оқыс оқиға болды
Ақорда

Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні ауыстырды

0
Ерболат Сембаев Қазақстанның Италиядағы, Болат Сүгірбаев Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Сонымен, Ерболат Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады 

Ал Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегі Америка департаментін басқарған.

Интернеттен Ерболат Сембаев пен Болат Сүгірбаевтың бұрынғы жұмысы туралы басқа ақпарат табылмады.

0
Тақырып бойынша
Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды
Назарбаев Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасын тағайындады