Алматыда жанұшыра көмек шақырған мас адам бір ажалдан аман қалды

Алматыда жанұшыра көмек сұраған мас адам бір ажалдан аман қалды

1861
Өрт кезінде кезінде әйел адам көз жұмды, қазір оның кім екені анықталып жатыр. Өрттің шығуына темекі себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Алматыда өрт сөндірушілер терезеге шығып, көмек шақырған мас ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт 16 ақпанда кешке Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қос қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде өртке оранған пәтерді және үйдің терезесінен көмекке шақырған ер адамды көрген.

Пожар в двухэтажном доме по улице Богенбай батыра
© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям города Алматы
Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қос қабатты тұрғын үйдегі өрт

Өртпен күресушілер саты арқылы оны төменге түсіріп, аумағы сегіз шаршы метрді құраған өртті сөндірген. Тілсіз жауды ауыздықтаған соң оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Оның кім екені анықталып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, өрт темекі шегу салдарынан пайда болған. Осыған байланысты ТЖД қала тұрғындарын төсекте жатып, әсіресе, ішімдік ішіп, жатын орында темекі шекпеуге шақырды.

1861
Тақырып бойынша
"Қыз әжесінің үйінде түнеген": Қазақстанның солтүстігінде бір отбасы опат болды
Қостанай облысында зейнеткер төсегінде тірідей жанып кетті
Талдықорғанда көп қабатты үйде газ жарылды: ер адамның мәйіті табылды
Семей полицейлері тұрғындарды ұйқыдан оята алмай, үйге көршінің қақпасы арқылы кірді
Жедел жәрдем көлігі

Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды

9505
(Жаңартылды 10:19 06.03.2021)
Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Қайтыс болғандардың үшеуі ересек, біреуі бес жасар бала екені хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Аудандық өрт сөндіру қызметіне 5 наурыз, жұма күні хабар түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер төрт адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды "Ақ жайық".

Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1974, 1991 жылы туған ер адамдар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланған.

Болған жағдайдың мән-жайы қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысындағы Жаңатаста 3-қабаттағы пәтерде өрт шығып бес бала көз жұмған болатын. 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған екі ұл мен үш қыз ересектер қарауынсыз қалған.

Өрт салдарынан балалар иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады.

9505
Кілт сөздер:
мәйіт, өрт, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Түркістанда 4 бала өлі табылды - оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жетті
Бір үйдің 5 баласы көз жұмды – Жамбыл облысында пәтер отқа оранды
"Бұл еліміздің қасіреті": Тоқаев Жаңатастағы балалар өлімі туралы айтты
Жаңатаста 5 баланың өмірін қиған өрттің себебі анықталды
Жаңатаста 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді
Өрт сөндіру машинасы

Қара түтін қаптады: өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтанның сол жағалауына шұғыл жетті видео

161
Тұрғын үй шатырынан будақтаған қою қара түтінді куәгерлер Достық көшесіндегі ғимараттың үстінен түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Елордада "Халықаралық сауда орталығы" тұрғын үй кешені ғимаратында өрт шықты.

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Үш техника мен 13 қызметкер оқиға орнына келгенде "Дастархан" дәмханасының ішіндегі ас бөлме мен желдету жүйесінде өрт шыққаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші көз жұмды: Ақсуда қайғылы оқиғаның қалай болғаны айтылды

Желіде жарияланған видеода қою қара түтін мен өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресіп жатқанын көрінеді. 

Мамандардың айтуынша, өрт сағат 12.10-да оқшауланған.

161
Кілт сөздер:
елорда, өрт
Тақырып бойынша
Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып үлкен апаттың алдын алды – видео
Шымкентте ірі өрт болды
Ата-анасы жұмыста болған: СҚО-да тұрғындар үйден 5 жасар баланың денесін алып шықты
Екібастұзда жолаушылар вагоны отқа оранды
Павлодар облысындағы агрофермада болған өртте жұмысшы қаза болды
Бұрқасын, адамдар жолдан өтіп барады

Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
Елдің бірқатар облысында дабылды ескерту жариялауға тұман, бұрқасын және көктайғақ себеп болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.

Дабылды ескерту

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.

Түркістан облысында қалың тұман түседі.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.

Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.

Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.

0
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, Қазгидромет, ауа райы болжамы