НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда мас адам жүріп бара жатқан экскаватордың рөлінде ұйықтап кетті.Таңғы сағат бесте 102 кезекшілік пультіне жұмыс істеп тұрған экскаватордың ішінде жүргізуші ұйықтап отырғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас жүргізушіні ұстады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қарағанды қаласының 30 жастағы тұрғыны аумақтық полиция басқармасына жеткізілді. Ол ішімдікке тойып алып, біреудің техникасын айдап әкеткені анықталды.
Ұсталған ер адам елордаға досына қонаққа келіп, ішімдік ішкен, далаға шыққанда экскаваторды көріп қалған. Көлік ашық тұрған, кілті ішінде болған. Ол экскаваторшы болып жұмыс істейтіндіктен, машинаны оталдыру қиын болмаған. Жауап алу кезінде Қарағанды тұрғыны бұдан кейін не істегені есінде жоқ екенін мәлімдеді.
Экскаваторды құрылыс алаңының жанына қойып кеткен машинаның иесі ұрлық жайлы полициядан естіген.
30 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы (айдап әкету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына айтып берген. Оқиға Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданында 25 ақпан күні болған, деп хабарлады Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Серік Баймұқановтың 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып терезеден аулада тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған. Қауіпті жағдайларда не істеу керек екенін жақсы білетін Нұрия бірден әкесіне хабарлаған.
Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды тапсырып, ойланбастан көшеге шыққан. Өрт шыққан көліктің жанында басқа да көлік құралдары тұрған. Ол басқа көлік құралдарының дабылын іске қосып, көлік иелерінің назарын аудару үшін оларды соға бастаған.Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жеті жасар қыз анасын құтқару үшін полицияға телефон соқты
Бұдан кейін көлік иелері тысқа шыққанда көліктерді өрт ошағынан алыстатуды өтініп, сыртқа шыққан жастармен бірге өрт ошағын оқшаулауға кіріскен.
Осылайша кішкентай қыздың қырағылығының арқасында үлкен апаттың жолы кесілді.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. 26 ақпанда Боралдай әуежайынан ұшып шыққан Ан-2 апатты жағдайда шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың командирі Тахир Өтегенов не болғанын айтып берді.
"Шұғыл тапсырманы орындауға ұшқан кезде 50 метр биіктікке көтерілгенде мен құлап жатқанымызды сездім, қозғалтқыштың қуаты әлсірей бастады. Мен әуежайға оралу үшін ұшақты кері бұрдым. Ұшақтың ішінде жолаушылар болғандықтан және елді мекеннің үстінен ұшып бара жатқанымызды ескеріп, қонуға мейлінше қолайлы жер таңдадым. Борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері дін аман", - деді Тахир Өтегенов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетсек, 26 ақпанда сағат 12:30 шамасында "Азия Континенталь" компаниясының Боралдай-Кеген бағытында санитарлық рейске шыққан АН-2 ұшағы автомобиль жолынан бір шақырым жерге қонуға мәжбүр болды.
Ұшақ ішінде бес адам болған – екі экипаж мүшесі мен үш жолаушы (медициналық қызметкерлер). Қазіргі уақытта индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе апаттарын тергеу басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпан айындағы қалыптан тыс төмен температура мен күшті қарлы боран Ниагара сарқырамасын жып-жылтыр айсбергке айналдырды.
Американың кейбір штаттарында ауа температурасы минус 20-30°C-ге дейін, кей жерлерде тіпті минус 40°C-ге дейін төмендеді.
Оқи отырыңыз: Өзбекстанда сарқырама қатып қалды
Туристер сирек болатын бұл құбылысты көзбен көруге құмартып, Нью-Йоркке қарай ағылуда.
Күн шыққан кезде сарқыраманың етек жағында кемпірқосақ пайда болады.
Соңғы рет Ниагара сарқырамасы 2019 жылы ішінара мұз боп қатса, 1848 жылы толық мұзға айналған болатын. Ол кезде сарқырама тоқтап қалып, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.
Ниагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.
Мұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.
Сарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.
Ниагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды "құймақтар" қалқып жүр
Туристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.
Катерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.
Әдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.
Ниагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.
Адамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.
Сарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.