Жасөспірім, архивтегі фото

"Кетпенмен де ұрған": Шымкентте оқушы сыныптасының әкесін өлтірді

7279
(Жаңартылды 08:06 18.02.2021)
Марқұм Зияфат Ыдырысов қызымнан аулақ жүр деп жасөспірімге ескерту жасаған. 9-сынып оқушысы осыған кектенген болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан — Sputnik. Шымкентте мектеп оқушысы сыныптасының әкесін ұрып өлтірді. 15 жастағы балаға марқұмның "қызыма тиіспе" деп ескерткені ұнамаған көрінеді.

Ересек адамның сөзіне кек сақтап қалған 9-сынып оқушысы 42 жастағы азаматты көшеде күтіп тұрып, таспен ұрып құлатқан. Сосын әбден тепкілеген, деп хабарлады КТК.

Ал оның жақындары күдіктінің жанында сыбайластары болған деп отыр.

Зияфат Ыдырысовтың қайтыс болғанына жақындары сене алмай жылайды. Жеке шаруасымен көшеге кеткен 42 жастағы азаматтың денесі түнде үйінің маңынан табылды. "Бас сүйегінің мылжа-мылжасы шығып, соңғы демін алып жатқанда ғана көріп үлгердік", - дейді туыстары. Ал оның алдында сол маңда үш-төрт жеткіншектің топтасып тұрғанын көргендер бар. Олардың таяқ ұстап тұрғанын да байқаған.

"Бет-аузының бәрі қан. Сау-тамтығын қалдырмай ұрып, тіпті қабырғаларын сындырып тастаған. Таспен де, таяқпен де, тіпті кетпенмен де ұрған. Енді артында қалған ұл-қызын кім асырап, кім жеткізеді?", - дейді марқұмның қарындасы Севда Ыдырысова.

Зияфатты өлтірген 9-сыныптың оқушысы болып шықты. Ол марқұмның қызымен бір сыныпта оқиды екен. 15 жастағы Пардамбек Сайыпов қыздарға қырғидай тиетін бұзықтау бала болған. Одан жәбір көргенін қызы бірнеше мәрте әкесіне айтып барыпты. Сондықтан Зияфат "қызымнан аулақ жүр" деп жасөспірімге ескерту жасаған. 9-сынып оқушысы осыған кектенген болуы мүмкін.

"Ол баламен 4-сыныпқа дейін бір партада отырдым. Бірінші сыныптан бері маған да, басқа құрбыларыма да тыныштық бермейтін. Бізге боқауыз сөз айтып, аяқтан шалып құлату оған күнделікті нәрсе. Мен түгілі, өзге қыздар да ол туралы ата-анасына талай мәрте шағымданған. Бірақ оған бәрібір", - дейді марқұмның қызы Хаяла Нариманова.

Қостанайда екі оқушы қыз 50 жастағы әйелді өлтірді

№55 мектеп басшылығы Пардамбек Сайыповқа шаң жуытпады. Осыған дейін бұзықтығын не мұғалімдер, не мектеп психологы байқамапты. "Осы жағдайдан кейін жоғары сынып оқушыларына беймезгіл уақытта көше кезуге тыйым саламыз", - дейді мектеп директоры.

"Ата-ана, оқушы тарапынан ондай шағым түскен емес. Айтып тұрмын ғой, орта білімді қарапайым бала".

Кісі қанын жүктеген жасөспірім қазір қамауға алынды. Оқиға орнына жеткізіліп, әкесіндей адамды қалай ұрып өлтіргенін де көрсетіп берді. Оны марқұмның туыстары таспаға түсіріп алған. Бірақ полицейлер бұл туралы мардымды ештеңе айта алмай отыр.

Сыныптасының әкесін ұрып өлтірген оқушыға қандай баппен іс қозғалғаны белгісіз. Сондай-ақ марқұмның туыстары айтқандай, қылмысқа өзге сыбайластары қатысқан ба, жоқ па, оны полицейлер айта алмайды. Қазір жалғыз күдікті қамауда, ал марқұмның денесі жер қойнына тапсырылды.   

7279
Жедел жәрдем көлігі

Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды

7887
(Жаңартылды 10:19 06.03.2021)
Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Қайтыс болғандардың үшеуі ересек, біреуі бес жасар бала екені хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Аудандық өрт сөндіру қызметіне 5 наурыз, жұма күні хабар түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер төрт адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды "Ақ жайық".

Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1974, 1991 жылы туған ер адамдар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланған.

Болған жағдайдың мән-жайы қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысындағы Жаңатаста 3-қабаттағы пәтерде өрт шығып бес бала көз жұмған болатын. 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған екі ұл мен үш қыз ересектер қарауынсыз қалған.

Өрт салдарынан балалар иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады.

7887
Кілт сөздер:
мәйіт, өрт, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Түркістанда 4 бала өлі табылды - оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жетті
Бір үйдің 5 баласы көз жұмды – Жамбыл облысында пәтер отқа оранды
"Бұл еліміздің қасіреті": Тоқаев Жаңатастағы балалар өлімі туралы айтты
Жаңатаста 5 баланың өмірін қиған өрттің себебі анықталды
Жаңатаста 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді
Өрт сөндіру машинасы

Қара түтін қаптады: өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтанның сол жағалауына шұғыл жетті видео

156
Тұрғын үй шатырынан будақтаған қою қара түтінді куәгерлер Достық көшесіндегі ғимараттың үстінен түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Елордада "Халықаралық сауда орталығы" тұрғын үй кешені ғимаратында өрт шықты.

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Үш техника мен 13 қызметкер оқиға орнына келгенде "Дастархан" дәмханасының ішіндегі ас бөлме мен желдету жүйесінде өрт шыққаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші көз жұмды: Ақсуда қайғылы оқиғаның қалай болғаны айтылды

Желіде жарияланған видеода қою қара түтін мен өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресіп жатқанын көрінеді. 

Мамандардың айтуынша, өрт сағат 12.10-да оқшауланған.

156
Кілт сөздер:
елорда, өрт
Тақырып бойынша
Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып үлкен апаттың алдын алды – видео
Шымкентте ірі өрт болды
Ата-анасы жұмыста болған: СҚО-да тұрғындар үйден 5 жасар баланың денесін алып шықты
Екібастұзда жолаушылар вагоны отқа оранды
Павлодар облысындағы агрофермада болған өртте жұмысшы қаза болды
Бұрқасын, адамдар жолдан өтіп барады

Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
Елдің бірқатар облысында дабылды ескерту жариялауға тұман, бұрқасын және көктайғақ себеп болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.

Дабылды ескерту

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.

Түркістан облысында қалың тұман түседі.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.

Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.

Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.

0
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, Қазгидромет, ауа райы болжамы