НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан — Sputnik. Нұр-Сұлтанда зейнеткерді тонап кетті, деп хабарлайды астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бейсеков көшесінде 30 жастағы ер адам жол бойында 78 жастағы зейнеткерден қайда түстенуге болатынын сұраған. Қария жолды нұсқап түсіндіргеннен кейін, жұдырықпен бір ұрады.
Күдікті жәбірленушінің қолындағы ақша, құжаттар және екі телефон бар сөмкені тартып алған. Қарақшы құжаттарды гараждардың жанына лақтырып, ақша мен телефонды өзімен бірге ала кеткен.
Полиция заңбұзушыны қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оның бұған дейін қылмыстық жауапкершіліке тартылғаны анықталды.
Іс қылмыстық кодекстің 191-бабы ("тонау") бойынша қаралады.
Осы бап бойынша қылмыскер ірі көлемде айыппұл төлеуі, мың сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Аудандық өрт сөндіру қызметіне 5 наурыз, жұма күні хабар түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер төрт адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды "Ақ жайық".
Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1974, 1991 жылы туған ер адамдар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланған.
Болған жағдайдың мән-жайы қосымша хабарланатын болады.
Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысындағы Жаңатаста 3-қабаттағы пәтерде өрт шығып бес бала көз жұмған болатын. 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған екі ұл мен үш қыз ересектер қарауынсыз қалған.
Өрт салдарынан балалар иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады.
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Елордада "Халықаралық сауда орталығы" тұрғын үй кешені ғимаратында өрт шықты.
"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Үш техника мен 13 қызметкер оқиға орнына келгенде "Дастархан" дәмханасының ішіндегі ас бөлме мен желдету жүйесінде өрт шыққаны анықталды.
Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші көз жұмды: Ақсуда қайғылы оқиғаның қалай болғаны айтылды
Желіде жарияланған видеода қою қара түтін мен өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресіп жатқанын көрінеді.
Мамандардың айтуынша, өрт сағат 12.10-да оқшауланған.
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматылық продюсер Әлихан Мұсатаев өзінің Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтты. Оның алғашқы кейіпкері еден жуушы келіншек болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұсатаев өзгеруге арналған фотожобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды. Ол Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Бизнес орталықта қызмет етеді, екі баланың анасы.
"Жобам бір жарым күн ішінде жүзеге асырылды. Сенім білдіріп, қатысқаны үшін Лиузаға рақмет. Қыздар, нәзікжандылар қайда жұмыс істейтініңіз, жалақыңыз, тұрмыс құрғаныңыз, жалғыз бақытты екеніңіз, балаңыз болғаны-болмағаны маңызды емес. Бастысы - Сіздер әрдайым кереметсіздер!", - деді продюсер.
Ол әйелдің дені өз суретінің журнал бетіне шығуға лайық екеніне сенімді емес деп отыр. Сондықтан жаңа жоба бұл мүмкін екенін дәлелдейді.